Сенбі, 20 сәуiр, 05:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Азаматтың өтінішіне сәйкес түсіндірме жүргізілді

31.03.2022

614 0

«AMANAT» партиясы әрбір азаматтың өтініш-тілектеріне барынша мән беріп, мәселелердің партия алаңында оң шешілуіне, немесе құқықтық тұрғыдан бағыт-бағдар берілуіне белсенді атсалысып келеді.

Осы орайда Қызылорда қалалық партия филиалында бірлескен семинар – кеңес ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге салық заңнамалары түсіндірілді.

Атап өту керек, ағымдағы жылдың 4 наурызында «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Премьер – Министрінің орынбасары Б. Т. Сұлтанов жеке қабылдау өткізген болатын.

Министр орынбасарының қабылдауында болған Қызылорда қаласының тұрғыны А. Абдразақова қалада тұтынылатын судың сапасының нашар болуы салдарынан, қоғамдық тамақтандыру саласында қызмет жасайтын кәсіпкерлердің салық төлеудегі есептік көрсеткіштеріне кері әсер етіп жатқанын айтып шағымданған.

Тұрғынның айтуынша 2022 жылдан бастап салық кодексіне енгізілген өзгерістер қоғамдық тамақтандыру мен сауда саласындағы кәсіпкерлер тарапынан салық төлеу мәселесінде түрлі сұрақтар туындатып отыр.

Көтерілген мәселе жан-жақты зерделеніп, қабылдау нәтижесімен бірқатар уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берілген. Соның ішінде ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша семинар кеңес өткізу тапсырылды. Осы орайда партия алаңында облыстық кіріс департаментінің мамандарымен көтерілген мәселесе бойынша ҚР қолданыстағы заңнамалары аясында тиісті түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: