Үкіметаралық комиссияның шешімі бойынша «Байқоңыр» кешенінде туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ретінде «Бәйтерек» БК» АҚ және «Инфракос» РМК бекітілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай айтты.
– Туристер үшін қалаға және ғарыш айлағына электронды рұқсаттамаларды рәсімдеу процесі жеңілдетіліп, рұқсат алу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, «Инфракос» кәсіпорны туристік нысандар негізінде жаңа маршруттар әзірлеп, Байқоңырдың бірегей ғарыш мұрасын кеңінен таныстыру бағытында жұмыс істеуде. Бұл бастамалар Байқоңырдың туристік әлеуетін арттырып, оны әлемдік деңгейдегі ерекше туристік орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді,-деді, Қайрат Ырзақұлұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!