Сәрсенбі, 13 қараша, 12:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Байқоңырды дамыту мәселелері қаралды

13.02.2022

1040 0

Байқоңырда әлеуметтік мәселелер оңтайлы шешіліп келеді. Әсіресе тұрғындар үшін өзекті тұрғын үй, газдандыру салаларында оң шешім бар. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласын дамыту мәселелерін қарап, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатовтың атқарған жұмыстарын саралады.

Жиында Байқоңыр қаласын жылу электр станциясын газға қосу мәселесі қаралды. Бүгінгі таңда қала әкімшілігі қажеттілікті ескере отырып тиісті шараларды қабылдады. Бұл ретте облыс әкімдігі мен салалық министрлік жылу электрстанциясына газ жеткізу бағытында бірлескен жұмыстарды атқаруда. Егер де станцияны газға қосу мәселелері толыққанды жүргізілсе, тұрғындар үшін коммуналдық қызмет төлемдері біршама төмендейді.

Сондай-ақ, биыл Төретам, Ақай елді мекендерін газдандыру үшін жоба құрылысын қаржыландыруға өтінім берілді.

Басқосуда Байқоңырдағы тұрғын үйлерді қазақстандықтарға жекешелендіру мәселесі де айтылды. Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей арасындағы бірлескен талқылаулар жүргізіліп, қос тарап арасында жекелешелендірудің маңыздылығы айқындалды. Алдағы уақытта бірлескен шешімдерді қабылдау бойынша ортақ ұстаным болады.

Қазіргі таңда Байқоңырда 75 мыңнан астам адам тұрады. Оның 66 пайыздан астамы қазақстандықтар. Бұған дейін тұрғын үйді жекешелендіру ғарыш кешенін пайдалану жөніндегі келісім бойынша тыйым салынған болатын.

Кездесуде талқыланған тағы бір мәселе – Байқоңыр қаласы әкімшілігіне қарасты мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы пәндерін оқыту.

Жасұлан Абатов бұл мәселеде қос тараптың Білім министрлігімен бірлескен шешімдер қабылданғаннан кейін оқыту процесіне қажетті жұмыстарды алдын ала саралау қажет екенін тілге тиек етті. Бұл ретте Байқоңырда педагогтардың оқу жүктемесіне қатысты айтарлықтай проблема болмайды.

Басқарма басшысының ұсыныстарын саралаған облыс әкімі Байқоңыр қаласында әлеуметтік мәселелерді тұрақты түрде шешу, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын күшейту және байқоңырлықтардың тұрмыстық әлеуетін көтеру үшін атқарылатын шаралардың уақытылы жүзеге асуын қадағалауды қаперге салды.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: