Сенбі, 27 сәуiр, 09:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Бас имам балаларға қуаныш сыйлады

31.05.2022

784 0

Баланың күлкісі бәрінен қымбат. Оларға жыл он екі қуаныш сыйласақта артықтық етпейді. Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында орай ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арналған мерекелік кеш өтті.

Этноауылда өткен шарада облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған қала имамдары балаларды мейраммен құттықтады.

Мерекелік шара ақ дастарқан басындағы өнегелі насихатпен басталды. Балғын балалар өлең оқыды, күмбірлеген күй-термелер де төгілді. Сонымен қатар жас жеткіншіктер садақ атудан бақ сынап, атпен серуендеді. Жиын соңында 3 жас түлекке сый-сияпат тарту етілді.

Дамира Ерлан

Қорқыт ата атындағы университеттің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: