Жексенбі, 08 желтоқсан, 11:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Баспана кезегіне тұруға өтініш енді тек egov.kz арқылы қабылданады

04.02.2022

1153 0

 Халыққа қызмет көрсету орталықтары енді баспана кезегіне тұруға өтініш қабылдамайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«ХҚКО-лар бұдан былай тұрғын үйге кезекке тұруға өтінім қабылдамайды. Енді кезекке қою тек электронды портал – www.egov.kz арқылы жүргізіледі», – деп хабарлайды елорда әкімдігінің «Тұрғын үй қоры».Портал арқылы баспана кезегіне тұру үшін тек электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦП) қажет. Кірістер, тұрғылықты мекенжай, қай санатқа жататыны туралы барлық деректі база өзі табады.

Тұрғын үй кезегіне кімдер тұра алады:

1.Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

2.жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3.халықтың әлеуметтік осал топтары;

4.көпбалалы отбасылар;

5.мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерге кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мемлекеттік сайланбалы қызметтерді атқаратын адамдар;

6.Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: