Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Басты мақсат – халықтың әл ауқатын көтеру

04.05.2022

1038 0

Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Асылбек Шәменовтың төрағалық етуімен алғашқы актив отырысы өтті. Қала әкімі өзіне сенім білдірген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа алғыс айта отырып, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыстар жасалатынын айтты.

Актив отырысында қала әкімдігіндегі кадрлық өзгерістерді таныстырды.

Қызылорда қаласы әкімінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі өкімімен Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Сонымен қатар 2022 жылғы 4 мамырдан бастап қала әкімінің өкімімен Ахмет Берлібек Әнуарбекұлы қала әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Берлібек Әнуарбекұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «Қолданбалы математика» және «Болашақ» университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы «Көлік қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде компьютер бойынша инженері болып бастаған. 2004-2019 жылдары облыс әкімдігінде, қала әкімдігінде жауапты қызметтерді атқарған.

2019-2022 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып келді.

Актив отырысында қала әкімі Асылбек Шәменов сала басшылары мен ауыл әкімдеріне алдағы уақытта  бірлесе жұмыс істеу керектігін айтты.

 – Халықтың әл-ауқатын көтеру біздің негізгі бағытымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыру мен теңсіздікті азайту алдымызда тұрған үлкен міндеттің бірі екенін айтты. Сондықтан да осы мәселе назардан тыс қалмауы керек. Халықтың әл-ауқатын көтеруге ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Осы бағытта әрбір мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін біріге отырып, жұмыс істеуіміз қажет. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Көктем айындағы жұмыстар уақытылы орындалуы керек. Қаланы көркейту-көгалдандыру бойынша тиянақты жұмыстар істеу қажет, – деді қала әкімі. 

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: