Жұма, 19 сәуiр, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Берік отбасы есірткіден алыс

15.02.2022

501 0

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі  Қызылорда облыстық ведомствоаралық штабының,  Қызылорда  облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының   іс-шаралар  жоспарларының  талаптарын  орындау  мақсатында  облыстың оқу  орындары  арасында  «Берік  отбасы  есірткіден  алыс!»  ұранымен  черлидинг  спорттық  би  түрінен  байқау  ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты кәмелетке толмағандар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтына баулу.

Қатысушылар черлидер биінің шеберлігінде, техникасында және хореографиясында жарысты. Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші тур аудан орталықтары мен Қызылорда қаласында өткізілді. Байқаудың екінші кезеңіне бірінші турдың 29 жеңімпаз командасы қатысты.

Қатысушылар үш номинация бойынша бағаланды. Оның ішінде көркемділік композицияны синхронды орындау; қатысушылардың сыртқы келбеті сында бағыттар қамтылды.

Конкурстың финалистері мен басты жеңімпаздары болып Шиелі ауданының №46 мектеп-лицейі мен №252 мектеп-гимназиясы жарияланды, олар сәйкесінше бірінші және екінші орындарды иеленді, үшінші орын иегері Қармақшы ауданының №275 орта мектебі атанды. Сондай-ақ, 12 оқу орны өңірлік жеңімпаздар деп танылып, 15-і еңбекқорлығы үшін марапатталды.

Облыстық және өңірлік жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Берікбол ҚЫЗЫЛБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: