Жұма, 03 мамыр, 16:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Дәмін көр, рахаттанасың»: Анара Батырхан

29.06.2023

876 0

Әнші, актриса, тележүргізуші Анара Батырхан есірткімен ұсталған әріптестері туралы естігенде қатты қынжылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бағдарлама жүргізушісі өнер иесіне: “Өнер жұлдыздарының арасында есірткіге деген құмарлық пайда болған сияқты. Сіз жүрген ортада сізге есірткі ұсынушылар болды ма?” деген сауал қойды.

“Бұл өте ауыр тақырып. Мұндай жағдайды естіген кезде қатты қынжылдым. Дәмін көремін деп есірткіге құнығып кеткен әріптестерімді аяймын. Ішімдік ішсе, темекі шексе көз жұма қарадық. Одан анаша деген нәрсе пайда болды. Есірткіге қатысты басымнан өткен оқиғаны еш жерде айтпаған едім. Бұл жағдай 4 жыл бұрын болған. Отырыста болдым. Әжетханаға барып едім артымнан іле-шала таныс қыз кірді. Басында не болып жатқанын түсінбедім. Бір қарасам есірткісін шығарып жатыр. Мен ол затты өмірімде бірінші рет көріп абдырап қалдым. 500 теңгелік ақшаны орап, дайындап қойған. Оған: “Не істесең де істей бер, бірақ менің көзімше емес. Не мені шығарасың, не мен мұнда адамдарды шақырамын” дедім. Ол қорқып кетіп, мұның қалжың екенін айтып, ақтала бастады. Қазір ол қызды көрсем алыстан қашамын. Ол – танымал адамның құрбысы. Мен есірткіні кинодан ғана көргенмін. Адам мұндай қадамға бару үшін өзін қаншалықты жек көру керек? Бұл өз-өзіңе ор қазу, өзіңді-өзің өлтіру емес пе”, – дейді өнер иесі.

Актриса жастарды мұндай зиянды нәрсеге жоламауға шақырды. 

“Бізде еліктеушілік, бір-бірін үгіттеу деген нәрсе бар. “Дәмін көр, рахаттанасың” дейтіндерді тыңдамаңыздар. Мен ішімдік ішпеймін, темекі шекпеймін, мұндай заттарға түбегейлі қарсымын. Бірақ сондай зиянды әдеттерін қоя алмай жүрген әріптестерім, достарым бар. Ішеді, шегеді, бірақ мен оларды сөкпеймін”,  – дейді Анара Батырхан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: