Сенбі, 18 мамыр, 09:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Дінаралық келісімді сақтау – баршаға міндет

03.05.2022

662 0

Жуырда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында облыстық этно-конфессия өкілдерінің қатысуымен «Жаңа Қазақстанның этно-конфессияаралық келісім моделі» тақырыбында конференция өтті.

Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйым­дастыруымен өткен шарада бас­қарма басшысы Қ.Жанұзақов этно­саралық және конфессияаралық қаты­нас­тың маңызды екенін  атап өтіп, кон­ференцияға қатысушыларға сәт­тілік тіледі.

– Қоғамда тұрақтылық пен бірлік тақырыбы өте өзекті. Сондықтан кон­­фессияаралық тұрақты қарым-қатынас орнату тәуелсіздікті сақтау­дың алғы­шарттарының бірі десек қате бола қоймас. Ел ішінде, оның ішінде дін мәселесіне келгенде өзара татулықтың болуы біз мақсат еткен жаңа қоғам құруда маңызды рөл атқарады.

Қазір облысымызда 189 діни бірлестік бар. Оның 11-і жергілікті болса, қал­ғаны филлиалдары. Жалпы бүгінде облыстағы діни ахуал тұрақты. Бүгінгі басқосудағы негізі мақсатымыз да осы ұлттар арасында діни алауыздықтың алдын алып, ынтымақтастықты одан әрі нығайту, – деді Қызылорда об­лысының дін істері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов.

Келелі кездесуге Нұр-Сұлтан қала­сының Н.Назарбаев орталығынан фи­лософия ғылымдарының кандидаты, доцент З.Малғараева және Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Phd док­торы, РАТТ мүшесі Б.Ботақараев арнайы келді. Олар «Зайырлылық және этно-конфессияаралық келісім мен тұрақтылық қоғам дамуының негізі» тақырыбында баяндама оқып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін этностар мен дін­дердің өзара әрекеттесуінің тұрақты моделі мемлекетіміздің бірден бір жетістігі екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты А.Оразбақов кездесуге келген жас­тарға дінаралық және ұлтаралық келісімді нығайту еліміз үшін бас­ты бағыттардың бірі екенін айта келіп, Сыр өңірінің полиэтникалы халқының қалыптасу тарихынан мағлұмат ұсынды.

Конференцияда күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жан-жақты талқы­ланып, шара соңында қатысушы­лар этностар арасында діни ынтымақ­тастықты жандандыра түсетін ұсы­ныс-пікірлерін ортаға салды.

Ақтілек БЕРДІБАЙҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: