Жұма, 17 мамыр, 12:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Екі жігіт банкоматты тонады

15.08.2023

340 0

Алматы облысының полицейлері банкоматты тонаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 тамыз сағат 13:42-де Қарасай ауданының полициясына 35 жастағы А. есімді азаматша хабарласқан.

Ол сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан кілтті таңдау арқылы белгісіз адамдар медициналық маскамен 12 млн 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағанын жеткізді.

Іс ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.

А. есімді екі күдікті ұсталды.

Олар 1998 және 1999 жылы туған Қаскелең қаласының тұрғындары болып шықты.

Азаматтар изоляторға қамаққа алынды.

Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдеме алынып, іс материалдарына қоса тіркелді.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: