Жұма, 19 сәуiр, 21:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ел абыройы – ортақ міндет

29.03.2022

846 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын тарихи құжат деп қабылдауға болады. Бұл – сан саланы қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық маңызы бар жоспар.

Бүгінгі Жаңа Қазақстанға сөз емес, нақты іс керек.  Қазірден бастап, түрлі салада ауқымды өзгерістер басталып кетті. Бұл бір емес, бірнеше жылдағы еңбектің жемісті нәтижесі. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Президент Жолдауда еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Бұл ең алдымен қоғам қажеттілігі мен сұранысына сай негізделіп отыр. Сонымен қатар елімізді дәйекті түрде демократияландыруға септігін тигізеді. Қазіргі халықаралық ахуал қырғи-қабақ соғыстың шиеленіскен сәтінде тұр. Сондықтан Президенттің бастамалары біз үшін көздеген мақсаттан ауытқымаудың, еліміздің тұтастығын, жалпыұлттық бірлігі мен ынтымағын сақтауда маңызы зор.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұс­та­нымның әрдайым өзекті екенін алға тартты. Яғни осы орайда еліміздегі әкімшілік-аумақтық құрылымның оңтайлы болудағы маңыздылығына тоқталды. Бұл өзгерістер өзі айтып өткендей, мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетеді. Әрі облыс орталығына барыс-келісті реттейді. Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау деп аталуында да үлкен мән жатыр. Бұл қадамдар аймақтарды дамыту ісіне тың серпін берері сөзсіз.

Жолдауда көтерілген әрбір бастама өте ауқымды. Қазіргі халықаралық ахуалдың салқыны елімізді айналып өтпейтіні анық. Бірақ заман қаншалықты күрделі болса да біз бағдарымыздан айнымауымыз керек. Өткеннен тағылым алып, келешекке сенім­мен қадам басуымыз қажет. Алдымызға қойған басты мақсат Жаңа Қазақстанды Мемлекет басшысымен бірге қалыптастыру. Қазақстанның тәуелсіздігі бәріміз үшін қымбат. Президент сөз соңын «Мен азамат­тарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Қызметімде түрлі адамдардың беретін бағасынан гөрі, мемле­кетімізді қорғап қалу – мен үшін аса маңызды міндет», –  деп түйіндеді.

Осы жолда Президент жауапкершіліктің бәрін мойнына алуға дайын екенін білдірді. Елдің кемел келешегі үшін батыл қадамдарға бара алатын, сын-сағатта халықпен бірге болатын нағыз көреген көшбасшының бейнесін аңғартты. Бұл кеудесінде жалын, жүрегінде оты, көзінде нұры бар кез келген азаматқа патриоттық сезім мен Президентке деген шексіз құрметті танытуы тиіс. Қасиетті Отанымыздың асқақ абыройы бәрімізге – ортақ. Олай болса Мемлекет басшысымен Жаңа Қазақстанды бірге құрайық. Сындарлы сәтте жауапкершіліктің жүгін бірге көтерейік!

Гауһар МОЛДАБАЕВА

№271 Б.Ермекбаев атындағы орта мектептің директоры        

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: