Бейсенбі, 18 сәуiр, 22:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ел бірлігінен асқан ештеңе жоқ

18.01.2022

626 0

Елімізде орын алған оқиғаларға бай­ланысты мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара ықпалдасуын арттыру бағы­тындағы ұсыныстарды тыңдау мақсатында 2022 жылғы 12 қаңтарда «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткіздік.  Үйлестіру кеңесінде қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Азаматтық қоғам бұл әуелі елішілік, қордаланып жатқан түйіткілді мәселелерді шешуде халық пен билік арасында медиатор рөлін атқаратын бірден-бір алтын көпір. «Қоғамды толғандырып отырған негізгі мәлелелер көшеде емес, Парламентте және азаматтық диалог алаңдарында шешілуі тиіс», – деген Ел президенті азаматтық қоғам институттарының рөлін айқындап, бүкілқазақстандық бірегейлікті халықтық сананың өзегіне айналдыру қажеттігін айтты. Бұл мемлекеттің ішкі саясатын осы арнаға бұру жолында елдегі барша атқарушы органдар мен азаматтық қоғам өкілдеріне арнайы бағыт-бағдар дер едім.

Осы ретте, Азаматтық Альянстың үйлестіру кеңесі мүшелері тарапынан азаматтық қоғам институттары әлеуетін арттыру арқылы мақсатты топтарының мәселелерін шешу үшін нақты ұсынымдар берілді. 

Аймағымыздың азаматтық қоғам өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Парла­менті Мәжілісінде сөйлеген сөзінде әрбір қазақстан­дықтың көкейінде жүрген әлеуметтік мәселелер айтылғандығын талқылап, алдағы уақытта ел игілігі жолында бірлесіп атқаратын жұмыстардың көп екендігіне тоқталды.

Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы мен еліміздің кемел келешегі жолында, біз әріптестер ретінде одан әрі жұмыла жұмыс істеуге әзірміз. «Азамат» деген қастерлі ұғымның ауыртпалығын арқалап жүрген аймақтың азаматтық қоғам өкілдері – тәуелсіз еліміздің, келешек ұрпақ алдында әрқайсысымызың ерекше жауапкершілігіміз бар екенін естен шығармауға шақырады! 

Анар Ізден,

қалалық мәслихат депутаты,

Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының альянсы Ассоциациясы»

Заңды тұлғалар бірлестігі төрайымы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: