Сейсенбі, 23 сәуiр, 20:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ел таңдаған 30 есім

13.12.2021

1378 0

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «30 жыл

30 есім» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды.

Телевизиялық жүлде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталды.

Байқау ережесі бойынша сарапшылардан құралған арнайы комиссия іріктеуімен еліміздің ғылым, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт, кино, дәстүрлі өнер сияқты 10 салада табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіби мамандар таңдалды. Комиссия шешімімен екінші кезеңге өткен үміткерлер «Қазақстан» телерадиокорпора­циясының ресми сай­тында жүргізілген жалпыхалықтық дауыс беруге қатысты.

Байқау қорытындысымен 10 аталымда үздік шыққандар марапатталды.

«Медицина және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» – медицина ғылымдарының докторы, академик Серік Ақшолақов, елімізде тұңғыш рет қан айналымының қосалқы құрылғыларын имплантациялау, донорлық жүректі және өкпені трансплантациялау сияқты бір­қатар күрделі оталарды сәтті жүзеге асырған халықаралық дәрежедегі кардиохирург Юрий Пя, жоғары санатты дәрігер, «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері Надежда Петухова;

«Қоғамдық белсенділігі үшін» аталымы бойынша тіл жанашыры Асылы Осман, еліміздегі ең та­нымал lider.kz еріктілер қозға­лысының негізін салушы Олеся Баимова, адвокат, «Халық үні» жобасының авторы Айман Омарова;

«Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін» әнші Димаш Құдайберген, күйші Секен Тұрысбеков, суретші Ерболат Төлепбай;

«Кино саласына сіңірген еңбегі үшін» театр және кино актері Болат Әбділманов, актер, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, театр және кино сахнасында 200-ден аса рөл ромдаған актер Досхан Жолжақсынов;

«Спорт саласындағы жетіс­тіктері үшін» грек-рим күресінен Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұр­лы­ханов, кәсіпқой боксшы, Бейжің Олимпиадасының, Азия ойындарының қола жүлдегері Қанат Ислам, ауыр салмақта әлемдік рекордты жаңартқан зілтемірші, төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин;

«Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша математик, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев, «QazVac» вак­цинасын жасаушы ғалым Күнсұлу Закарья, «Аралтөбе», «Берел» қорымдарынан «Алтын адамды» тапқан археолог Зейнолла Самашев;

«Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін» дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мектебінің мұғалімі Муаммер Гүль, Нұр-Сұлтан қаласы Қайым Мұхамедханов атындағы 90-гимназия директоры Аятжан Ахметжанұлы, Қазақстанның тұң­ғыш Еңбек ері, математика пә­нінің мұғалімі Аягүл Миразова;

«Ауыл шаруашылығы және агроөндіріс саласына қосқан үлесі үшін» аталымында асыл тұқымды қой өсіруші жас кәсіпкер Нұрислам Ыбраев, Еңбек ері, «Родина» агрофирмасының не­гі­зін қалаушы Иван Сауэр, елі­міздегі түйе шаруашылығының дамуына атсалысып жүрген кәсіпкер, консервантсыз шұбат өндіруші компанияның иегері Сыдық Дәулетов;

«Дәстүрлі өнердің дамуына қосқан үлесі үшін» күйші Айгүл Үлкенбаева, әнші Рамазан Стамғазиев, жыршы Елмұра Жаңабергенова;

«Әдебиет» аталымы бойын­ша жазушы-драматург Дулат Исабеков, ақын Светқали Нұр­жан, ақын Ұлықбек Есдәулет марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: