Бейсенбі, 26 желтоқсан, 07:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Енді сарбаздар әскери борышын өз өлкесінде өтей алады

13.07.2023

960 0

Сурет ашық дереккөзден

Жас сарбаздар ел алдындағы борышын өз өңірінде өтей алады, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

120-дан астам сарбаз Түркістан облысы бойынша департамент аумағына өз әскери қызметтерін жалғастыру мақсатында келді. Осыған орай Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Шекара бөлімшесінде психологтар жас сарбаздармен тесттер мен тренингтер өткізді. Мандаттық комиссиядан кейін сарбаздар негізгі қызмет орындарына жол тартты. Қолға алынған іс-шаралар жастардың әскери қызметке жылдам бейімделуі үшін өз пайдасын тигізуі мүмкін. 

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша департамент бұл іс-шараны жүзеге асырып отырған бірден-бір ведомстволық мекеме. Бұл шаралар ұжымдағы ведомстволық тәртіптің, моральды-психологиясының жақсаруына, сонымен қатар әскери қызметшіге өз өңірінде келісімшарт бойынша қызметке шақырылуына мүмкіндік береді, – деді тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыстар басқармасының аға офицері Жанар Хамзина.

Қолға алынған шаралар жастардың әскери қызметке жылдам бейімделуіне оң ықпал етуі мүмкін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: