Амнистия жайлы ақпарат айтылған күннен бастап ел арасында мас күйінде көлік жүргізіп, жауапкершілікке тартылған азаматтарға рақымшылық жасау жайында көп айтылды, – деп хабарлайды Qazaqstan.tv
Еліміздің бас прокурорының аға көмекшісі Абат Төремұратұлының айтуынша, қасақана жасалған құқық бұзушылықтарға, сонымен бірге мас болып құқықтарынан айырылған адамдарға, мас күйде көлік басқарып жүргізуші куәлігінен айырылған адамдарға рақымшылық қолданылмайды. Амнистияға тек кішігірім айып тағылып, айыппұлын өтемеген адамдар ғана ілігеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
