Бейсенбі, 04 маусым, 12:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 (2253)
02.06.2026
PDF мұрағаты

Гүл өсіру де өнер

04.06.2026

46 0

Қарбаласқа толы қазіргі қоғамдағы адам баласы уақытының басым бөлігін жабық ғимараттарда, кеңсе мен төрт қабырғалы пәтерлерде өткізеді.  Табиғаттан ажырау, урбанизацияның жылдамдығы мен күнделікті күйбең тіршілік адам жанын шаршатып, күйзеліске әкелетіні жасырын емес.  Осындай сәтте үйімізге кіргеннен көзімізді қуантып, жанымызға жайлылық сыйлайтын бірден-бір ем – бөлме гүлдері.

Үй гүлдері тек эстетикалық әдемілік сыйлап қоймайды, олардың денсаулыққа, үйдің тазалығына тигізер пайдасы орасан зор. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, бөлме гүлдері ауаны оттегімен байытып қана қоймай, құрамындағы зиянды токсиндерді жұтады .  

Кейіпкеріміз Ботагөз Алмаханова гүл өсіргенді жақсы көреді. Ол  бөлме гүлдерін өсірудегі тәжірибесімен бөлісті. 

– Доллар гүлі, бұл гүл көп күтімді қажет етпейтін, өте пысық гүл. Алайда, тамырын суға шірітіп алмау керек.Қазтамақ – үйдің қорғаны деп айтсақта болады. Бұл гүлді терезенің алдынан тастамау керек, жарықты өте жақсы көреді, күн көзі дұрыс түссе, жыл бойы гүлдеп тұрады. Оны тек топырағы құрғаған кезде ғана суару керек, жапырағына су шашқанды ұнатпайды. Антуриму гүлі яғни басқаша айтқанда, ерлер бақыты. Бұл гүл жылылық пен жоғары ылғалдылықты жақсы көреді. Оны тұндырып жылы сумен суарып, жапырақтарына жиі су бүркіп тұру қажет.  Жел өтінен қатты қорқады, – дейді ол.

Гүл өсіру де өнер

 Үй гүлдерін өсіру – бұл тек қана еңбек емес, бұл – өсімдік пен адам арасындағы махаббат. Гүлдер де тірі ағза болғандықтан, өзіне жасалған жылылықты мейрімді және сүйіспеншілікті анық сезеді.

Дильназ Махамеджанова,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің І курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: