Жұма, 26 сәуiр, 09:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Еңбек нарығында шетелдіктер үлесі қандай?

21.05.2022

853 0

Еңбек көші-қоны жаһандану дәуіріндегі қалыпты құбылыс. Жұмыс істеймін, табыс табамын дегенге кедергі жоқ. Әрине, ел асып еңбек ететіндер әң әуелі тәуір жалақы, жанға жайлы тұрмысы бар, өсуге мүмкіндік бар елді таңдайтыны сөзсіз. Шетелдіктер үшін Қазақстан жайлы ел қатарында. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елде 1733 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартудан белсенді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1 мамырдағы ақпараты бойынша уәкілетті органдар 15932 шетелдікке жұмыс істеуге рұқсат еткен. Бұл бір ай бұрынғыға қарағанда сәл аздау. Елде жұмыс істеуге рұқсат алған шетелдік азаматтардың еңбек нарығындағы үлесін төмендегіше талдауға болады: басшы және басшының орынбасары қызметі – 630, құрылымдық бөлімшелерде басшылық қызметте – 3154, мамандар – 7643, кәсіби мамандығы бар жұмысшылар – 837, маусымдық жұмыста – 1343, ұжымдық ауысумен келгендер – 2325 адам.

1 мамырдағы ақпарат бойынша шетелдік еңбек күші негізінен қай елден келгенін айтар болсақ: Қытайдан – 3613, Түркиядан – 1838, Индиядан – 1293, Өзбекстаннан – 1385, Ұлыбританиядан – 1083 адам келген. Бір айта кетерлігі, ішкі еңбек нарығын қорғау үшін еңбек миграциясына бақылау жасап отырады. Министрлік жыл сайын елге шетелдік мамандарды тарту үшін квота бөледі. Бұл квота 2021 жылмен салыстырғанда 16 процентке қысқарған. Бүгінде елге жұмыс істеуге рұқсат алуы мүмкін шетелдіктер саны шамамен 23560 адамды құрайды.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: