Жексенбі, 23 маусым, 07:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Ер адам 86 жастағы әкесін ұрып-соққан

30.05.2024

290 0

Сурет: pixabay.com

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотында зейнеткер әкесін ұрып-соққан ер адамға қатысты әкімшілік іс қаралды. Алайда жас жігіт әкесімен татуласуына байланысты жауапқа тартылмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Құқық бұзушы 86 жастағы қарт әкеге әдепсіз сөздер айтып, оны ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіріп, отбасы-тұрмыстық қатынастар негізінде заңсыз әрекеттер жасаған”, – делінген хабарламада.

Зейнеткер бұл фактілерді растап, олар татуласқандықтан соттан істі тоқтатуды сұрады (медиация жасалды).

Өз кезегінде сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, жанжал кезінде ашуланып, өзін ұстай алмай әкесіне қолын көтерген. Ер адам жасаған ісіне өкінетінін айтып, сонымен бірге әкесімен татуласуына байланысты сот ісін тоқтатуды сұрады.

“ӘҚБтК-нің 64-бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің арызы бойынша ғана қозғалады және ол мен құқық бұзушылық жасаған адам татуласқаннан кейін тоқтатылады”, – деді полиция департаменті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: