Сенбі, 21 желтоқсан, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Есен Елеукен сахнаға ішкиіммен шыққан жайдарманшыларға қатысты пікір білдірді

19.02.2023

663 0

Сурет: pavlodarnews.kz

«Жайдарманның» негізін қалаушы Есен Елеукен маусымашарда болған келеңсіз оқиға туралы видеоға қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Sn.kz.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде «Жайдарманда» болған оқиға туралы видео тараған еді. Видеода ойын қатысушылары көпшіліктің алдына түрлі-түсті ішкиіммен шыққан. 

Есен Елеукеннің сөзінше, мұндай жағдай болғаны рас.

«Бірақ жұртшылық жайдарманның ресми ойыны деп жатыр екен. Бірақ бұл ойын редактура кезінде болды. Ойын ортасынан тоқтатылып, командаға да, қалған командаларға да ескерту жасалды. Биыл Жайдарманның «Маусымашарына» 223 команда келді. Оның бәрін эфирге шығара бермейміз. Сол үшін арнайы 2-3 редактура өтеді. Сол кезде жайдарманшылар өздері дайындап әкелген әзілдерін орындайды», – дейді «Жайдарманның» негізін қалаушы. 

Оның сөзінше, редактура мұндай оқиғалар болмауы үшін керек.

«Редактурада залда жайдарманшылардың өздері отырады. Солардың бірі түсіріп салып жіберсе керек. Жайдарман – ойын ғана емес, жалпы қазіргі қазақ жастарының да деңгейін білдіретін алаң. Сол алаңда ала да, құла да кездеседі. Бірақ оның барлығы жұртшылыққа жариялана бермейді. Жаңағы командаға қатаң ескерту бергенбіз. Енді қайталанса, маусымнан шеттетілуі де мүмкін. Жайдарман күні кеше пайда болған жоба емес, тарихы бар үлкен платформа. Ұйымдастырушылар да, редактура да сахнада нені орындауға болатынын, нені болмайтынын жақсы біледі. Сондықтан бұндай ойындарға жол бермейтінін ескеру керек деген ойдамыз», – дейді Есен Елеукен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: