Конституция

Сенбі, 04 шiлде, 01:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50 (2262)
04.07.2026
PDF мұрағаты

Журналистер одағының қатары толықты

04.07.2026

26 0

Бүгінде ақпарат ағыны көбейген кезеңде оқиғаны зерттеп, нақты дәлелмен, оймақтай ой білдіретін журналистердің жазбасы әсте құнды. Билік пен бұқара арасында алтын көпірге айналған тілшілер қауымына халықтың ықыласы басты орында екені белгілі. Қаламгерлер қоғам артқан жауапкершілік жүгін абыройлы арқалап келеді.

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Қазақстан Журналистер одағына жаңа мүшелерді қабылдау және сала үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында журналистика саласының ардагерлері мен белсенді өкілдері құрметке бөленіп, одақ қатары жаңа мүшелермен толықты.

Жиында Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Қуат Шарабидинов кәсіби мереке қарсаңында одаққа қабылданып жатқан жаңа толқын жастарды құттықтады. Ол журналистикадағы буын сабақтастығының маңызын атап өтіп, шығармашылық ортаға қосылған әрбір жаңа мүшеге сәттілік тіледі.

– Марапат қоғамға адал қызмет етіп, кәсібилігімен және азаматтық ұстанымымен ерекшеленген түрлі саланың үздік өкілдеріне табысталады. Алғашқы жылы марапат денсаулық сақтау саласының үздігіне берілді. Жылдағы дәстүрге айналған іс-шара биыл да өз жалғасын тапты. Қалам ұстап, қасиетті мамандықтың бел ортасында жүрген жандарды мүшелікке қабылдап отырмыз. Еңбектеріңіз еленіп, абырой биігінен көрінулеріңізге тілектеспін. Сондай-ақ кәсіби мерекеде марапат төрінен көрініп, одаққа мүше болғалы тұрған жандарды құттықтай келе, еңбекте табысты болыңыздар дегім келеді. Сіздерге шығармашылықтың шыңына жететін күш-қуат тілеймін, – деді Қуат Шарабидинов.

Ал дәстүрлі «Алтын медаль» қалалық төтенше жағдайлар басқармасының №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері Фархад Тажиевке табысталды. Ол 2004 жылы Тасбөгет кентінде болған өрт кезінде бір ересек адам мен үш жасөспірім баланы құтқарып, ерлік танытқан. Айта кетейік, бұл марапатқа өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер, мұғалімдер және өз кәсібінде сіңірген ерен еңбегі мен көпжылдық жетістіктері үшін азаматтар ие бола алады.

Салтанатты жиында Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасымен ардагер журналист Төлепберген Бектұрғанұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің баспасөз хатшысы Қамбар Бекенов және «Халық» газетінің бас редакторының орынбасары – жауапты хатшысы, Kiltmedia.kz сайтының тілшісі Рыскелді Сәрсенұлы марапатталды.

Қаламгерлер басқосуында Қазақстан Журналистер одағының жаңа мүшелері қабылданды. Атап айтсақ, Жібек Баймұратова, Үмбеталы Абибуллаев, Жанар Қайназарова, Сәкен Қабылов, Құралай Владимирқызы, Қымбатгүл Молыбекқызы, Айнұр Әлімбаева, Айнұр Молдахметқызы, Айсұлу Алданазарова, Малика Тұрғантай, Төребек Төремұратұлы, Назым Жылқайдарқызы, Гүлдана Жұмадинова және Перизат Шайхсламқызы мәртебелі одақтың мүшелігіне қабылданды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: