Сейсенбі, 17 мамыр, 05:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (1843)
14.05.2022
PDF мұрағаты

Еуропарламент Қазақстанға қатысты қарар қабылдады: депутаттар санкция енгізуге шақырды

21.01.2022

635 0

Еуропа парламентінің депутаттары Қазақстандағы соңғы наразылықтар мен тәртіпсіздіктерге байланысты адам құқықтарын қорғау туралы қарарды басым дауыспен қабылдады, деп жазды РИА Новости.

Бұл қарарда олар халықаралық тергеуді бастауға, сондай-ақ қазақстандық шенеуніктерге «адам құқықтарын өрескел бұзғаны үшін» ЕО режимі аясында санкциялар салуға шақырып отыр.

Құжатты дауыс берген 671 депутаттың 589-ы қолдаса, 35-і қарсы болды, 47-сі қалыс қалды.

Еуропа парламентінің қарары міндетті түрде орындалуы шарт емес, бірақ ЕО институттары мен Еуропа елдері оларды назарға алады.

Қарарда депутаттар, атап айтқанда, Еуроодақ кеңесін «2022 жылдың қаңтарындағы наразылықтар кезінде адам құқықтарының өрескел бұзылуына жауапты қазақстандық жоғары лауазымды шенеуніктерге қатысты жеке санкциялар енгізуге» шақырған.

Еуропарламент депутаттары сондай-ақ Еуроодақ пен халықаралық қауымдастықты «елдегі екі апталық митингілер кезінде Қазақстан халқына қарсы жасалған қылмыстарды халықаралық тергеуді дереу бастауға» үндеді.

Құжатта «Алматыда және Қазақстанның басқа елді мекендерінде «жоғалып кету», азаптау, негізсіз ұстаулар, мергендер арқылы адам өлтіру, бейбіт демонстранттарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды жарақаттау туралы ақпараттарды» тергеу қажет делінген.

Тағы да оқыңыз: