Бейсенбі, 09 мамыр, 14:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Гонорарын төлейсіңдер»: Еркебұлан Мырзабек

01.07.2023

1093 0

Танымал әзілкеш Еркебұлан Мырзабек “Қызық times” бағдарламасында жас әнші Садраддиннің қыркүйек айында өтетін концертін тегін жүргізуден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бағдарлама барысында жастар арасында танымал әнші Садраддин әзілкеш Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазинді қыркүйекі айында болатын жеке кешіне жүргізуші болуға ұсыныс тастады. Жайдарманшы өнер иесінің бұл ұсынысына әзілмен жауап берді.

“Жұрттың бәрін концерт көруге шақырып, бізді жұмыс істеуге шақырып жатқаның не? Еврейдің, өзбектің тойын жүргіздік. Бірақ бізді бұлай ешкім ақымақ қылған емес. Концерттен кейін шын жүректен рахмет айтып құтылмақсың ғой?! Марат міндетті түрде көмектеседі. Ол сондай қарапайым, кішіпейіл жан, көмегін аямайды. Ал менің мейірімім таусылған. Бұл дүниеде тегін зат жоқ. Бала-шаға бар, оларды бағу керек. Әр қайсысының концертін тегін жүргізе берсең түгің қалмайды. Сондықтан құрметті достар, біле жүріңіздер, маған “тегін концерт жүргізіп берші” деп айтпаңыздар. Админге хабарласасыңдар, гонорарын айтады, түгел төлейсіңдер. Тек сонда ғана жүргіземін. Анау тегін, мынау тегін, бізге келгенде “саған 2 мың доллар ғой” дейді. Бұл қашан бітеді”, – деп жанайқайын айтты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: