Сенбі, 20 сәуiр, 13:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Гүлшара Әбдіқалықова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

27.03.2022

705 0

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова кезектілік тәртібімен азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта қабылдады. Облыс әкімінің жеке қабылдауында 21 азаматтың өтініші қаралды. Басым бөлігі – мүгедектігі бар азаматтар.

Тұрғындардың мәселелерін зерделеу үшін жиынға жауапты басқарма басшылары, онлайн режимде Қызылорда қаласы мен бірқатар аудан әкімдері қатысты.

Азаматтардың негізгі сауалдарының бағыты әлеуметтік мәселелерден туындайды. Мәселен, 13 сұрақ тұрғын үй кезегіне тұру, 2 сауал денсаулық, 2 сұрақ мәдениет саласына бағытталды. Сондай-ақ, су шаруашылығы, ономастика және әлеуметтік мәселелер де қаралды. Аймақ басшысы тұрғын үйлерді табыстау бағытында Сыр елінде баспананы пәтерлеп емес, мөлтек аудан ретінде табыстау жолға қойылғанын айтып, кезектілік ретімен баспана берілетінін жеткізді. Биыл 1000-нан астам үй табыстау жоспарда тұрғанын еске салды. Сонымен қатар әрбір көтерілген мәселелерді саралай келе жауапты сала басшыларына тапсырма беріп, заң аясында жұмыс жасау қажет екенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: