Сенбі, 07 желтоқсан, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлшара Әбдіқалықова: Халқымыз үшін ең қымбат – Отан ана, Жер ана, Ана тілі

08.03.2022

1078 0

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалық нәзікжандарды мерекемен құттықтады.

«Қымбатты Сыр арулары! Сіздерді көрікті көктемнің көркем мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекенің біз үшін орны бөлек. Оның ұғымын Анамен байланыстырып, әрдайым ең бірінші аналарымызды құттықтауға асығамыз. Өйткені, халқымыз үшін ең қымбат – Отан ана, Жер ана, Ана тілі деген ұғымдар!

Сіздер қашан да бала тәрбиесін, отбасы мен жұмысты дұрыс үйлестіріп, әрқашан иба мен ізеттің, парасат пен пайымның, мейірімділік пен ізгіліктің ұйытқысы болып келесіздер. Сіздер барда сәбилеріміздің жүзінен күлкі кетпей, ер-азаматтарымыз еңсесін тік көтеріп жүре берсін!

Әрқашан көктемнің қырмызы гүліндей құлпырып, әсемдік пен әдеміліктің иесі болып, бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер! Мереке құтты болсын», – деді облыс әкімі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: