Сенбі, 20 сәуiр, 19:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Гүлшара Әбдіқалықова: Өңір үшін өзекті мәселелерде тиімді әрекет керек

01.04.2022

867 0

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өңірдің дағдарысқа қарсы шаралары жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.

Күн тәртібінде аймақтың қоғамдық-саяси ахуалы мен инфляция деңгейі және азық-түлік қорын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Штаб отрысында аймақ басшысы «қаңтар оқиғасының», Ресей мен Украина мемлекеттері арасындағы саяси шиеленістерден туындаған экономикалық кедергілер ұлттық валютаның бағамының әлсіреуіне әкеліп, бірқатар салалардағы туындаған мәселелерді шешу жолын қарастырудың маңыздылығына тоқталды.

Мемлекет басшысы орын алған негативті факторларға жедел әрекет ету мақсатында Дағдарысқа қарсы штаб құру тапсырмасын берген болатын.

Біз штаб отырыстарында экономиканың барлық салаларында сыртқы негативті факторлардың салдарынан орын алған проблемаларды талқылап, шешу жолдарын қарастырамыз. Әсіресе, азық-түлік тауарларының, дәрілік препараттардың тапшылығын болдырмау және олардың бағасын тұрақтандыру. Жергілікті деңгейде шешілу мүмкіндігі жоқ мәселелер орталық атқарушы органдар қарауына ұсынамыз,- деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы аймақтың қоғамдық-саяси ахуалы туралы, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы инфляция деңгейі мен жедел әрекет етуді талап ететін көктемгі егіс жұмыстарын үйлестіру мәселелері бойынша нақты ахуалды баяндады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев бірқатар өнімдерде баға өсімі байқалғанын тілге тиек етіп, соңғы уақыттағы қант, ұн қорына қатысты тапшылықты болдырмаудың жолдарына қатысты нақты жұмыстарды тізбеледі.

Қантқа байланысты туған жасанды дүрбелеңнің әсерінен сұраныс ұлғайып, алыпсатарлыққа әкелді. Қазіргі уақытта көтерме-бөлшек сауда орындары қантты 350-380 теңге аралығында сатуда. Қантқа сұраныс бәсеңдеді. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 68 тонна қант қоры бар. Ал, ұн өніміне бағаны ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорында 344,2 тонна ұн, 35 тонна макарон өнімдері бар. Сонымен бірге Жетісай ауданының дихандарымен форварттық сатып алу 100 тонна ерте пісетін қырыққабатпен қамтамасыз ету жөнінде келісім шартқа қол қойылып, қаржысы аударылды.

Мұнан бөлек ҚР Ұлттық Банкі Қызылорда филиалының директоры Асет Мұстафин екінші деңгейлі банктердің несие беру мәселесінде аймақта қалыптасқан жағдайды тілге тиек етті.

Штаб отырысын қорытындылаған облыс әкімі бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, бұдан былай жедел штаб отырысы екі аптада бір рет өткізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: