Күн тəртібінде түйіткілді мəселе қоғамдық көлік мəселесі деп елдің ауыз жимай айтып жүргеніне аз болған жоқ.
Ел арасында жиі сөз болатын бұл сала соңғы уақытта серпін алып, сала жұмысында сең қозғалғандай.
Жаңадан үлкен сыйымдылықтағы автобустар алынып, Сыр өңіріне сəн бергендей. Бұл биыл да жалғасын табады деп күтілуде.
Белгіленген мерзімде келіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.
– Бүгінде қалаішілік 12 бағытта жолаушылар автобусы қызмет көрсетуде. Алдағы уақытта олардың қатарын жаңа автобустар толықтыра түседі. Біздің мақсат – халыққа қалтқысыз қызмет көрсету. Электронды жүйеге көшу қызметін жолға қойып жатырмыз. Алдағы уақытта тұрғындар электронды карта арқылы төлем жасауды толыққанды енгіземіз, – дейді «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Əмірбек Шаймағанбетов.
15 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында «Халыққа сапалы қызмет және қауіпсіз жол» акциясы өтуде. Осыған орай қоғамдық көліктерде халыққа тегін карталар таратылып, түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!