Құрылтай

Жексенбі, 12 шiлде, 10:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Аймақ басшысы «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты

12.07.2026

55 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі


Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапарымен барды. Қосжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты. Жарты ғасырдан астам тарихы бар питомник бағалы балық қорын сақтап, табиғи популяциясын көбейтіп келеді. Мұнда тұқы, ақ амур, дөңмаңдай секілді теңіз маржандары өсіріледі.

Аймақ басшысы «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты


Мемлекеттік тапсырыс аясында жыл сайын 12 млн бір жаздық, 420 мың екі жаздық шабақ өсіріліп, Арал теңізі мен Сырдария өзеніне жіберіледі. Бұл өңірдегі су айдындарының балық қорын молайтуға ықпал етеді.

Аймақ басшысы «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты


Облыс әкімі табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Арал ауданы аумағында балық шаруашылығын дамытуға қолайлы Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 17 көл бар. Кіші Аралды балықтың 19 түрі мекендейді. Өндірістік қуаты шамамен 30 мың тонна болатын 10 балық өңдеу зауыты аймақтың экспорттық әлеуетін дамытуға үлес қосуда.

Аймақ басшысы «Қамыстыбас» балық питомнигінің жұмысымен танысты


Сапар кезінде аймақ басшысы Аралқұм, Шөміш, Сапақ, Көктем ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: