Сейсенбі, 16 сәуiр, 10:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Энергетика министрі АЭС салынуы мүмкін ауданды атады

24.05.2022

1088 0

Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы салынуы мүмкін аймақты атады. Сөзінше, болашақта станция Балхаш ауданында салынуы ықтимал, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Станция құрылысы бойынша өзіміз үшін параметрлерін нақтылап алдық, яғни қуаттылығы 2,4 ГВт шамасында болады. Қуаттылығы бойынша бәрі түсінікті болса, салынатын ауданды білеміз, таңдауға дайынбыз. Салынатын аудан Балқаш, Курчатов маңы болуы мүмкін. Бірақ Балқашта салыну ықтималдығы жоғары», – деді Ақшолақов. 

Министрдің сөзінше, бұл аудан АЭС құрылысы үшін КСРО кезінен бастап зерттелген. 

«Бұл күнге дейін біз үнемі қарап, бақыладық. Орналасатын аймақты айтуға болады, алайда технологияны және нақты орналасатын нүкте бойынша айта алмаймын. Технология мемлекетке байланысты», – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: