Бейсенбі, 02 мамыр, 06:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Кітап оқитын ұлтты қалыптастыруымыз керек

22.06.2023

877 0

«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты ұлттық құрылтайының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев идеологиялық жұмыстардың негізгі бағытын атап өтті. Әдеби кітаптардың 90 пайызға жуығы сырттан келетінін Мемлекет басшысы құп көрмеді. Осыған орай Президент: «Ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шығару өте маңызды. Смартфон баланың қолындағы кітаптың орнын баспауы қажет» деп атап көрсетті. Ел Президентінің айтуынша, мектеп кітапханаларында 130 млн кітап бар. Алайда олардың арасында көркем әдебиеттің үлесі аз. Президенттің «кітап оқитын халық қана нағыз зиялы бола алады» деген бастамасын қолдаймын. Кейінгі ұрпақтың кітап оқуға зауқы жоқ деп, қол қусырып отырмай, олардың  қызығушылығын оятуға немқұрайлылық танытпай, әдебиетке құштарлығын ояту керек. Тәулік бойы жұмыс істейтін президенттік кітапхана салу ұсынысы құптарлық бастама. Кітап оқитын ұлтты дамытудағы маңызды істерге зиялы қоғам өкілдері, ұстаздар, мәдениет саласының қызметкерлері, ата-аналар белсенді атсалысуы қажет деп білемін.

 «Қазақстанның халық жазушысы» атағының қайтарылуы өнер адамдарына, жазушыларға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Бұл жоғары құрмет қызықты, танымал туынды жасаған авторларға ғана беріледі. Президенттің бастамалары – үлкен жұмыстың бір парасы ғана. Шығармашылық адамдары, қоғамның зиялы  өкілдері болып жатқан тарихи оқиғадан шет қалмауы керек. Әділетті Қазақстанды құруға жаңа бағдар ұсынған Президент тапсырмалары ұстаздар қауымына да жоғары жауапкершілік жүктейді.

 Гүлмира СҮЛЕЙМЕНОВА, №257 орта мектеп директоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: