Бейсенбі, 09 мамыр, 02:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Көлік жүргізуші жасөспірімді қағып кетті

18.08.2023

290 0

Көкшетауда жолға жүгіріп шыққан жасөспірімді көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы жедел бақылау орталығының бейнекамерасына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы тамыздың 16-да сағат 11:04-те Көкшетау қалалық полиция басқармасының жедел бақылау орталығының инспекторлары бейнебақылау камерасы арқылы Пушкин көшесіндегі №6 үйге қарама-қарсы, «Бамбино» дүкенінің жанында жасөспірімді автокөлік соққанын байқады. Дереу сол маңды патрульдеп жүрген экипажаға хабарланды», – дейді ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, Солтүстік Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Land Cruiser көлігі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан жүгіріп өтпек болған жасөспірімді қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккен жасөспірім «иықтың жабық сынығы, оң аяғы тізесінің сынуы және шығуы» диганозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 2 бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп толықтырды ведомстводан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: