Сенбі, 07 желтоқсан, 22:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Көтерісшілер аяушылық танытқан жоқ

11.01.2022

531 0

Елдегі жағдай біршама басылғанымен, бұған дейін тиген зардабы аз болмай тұр. Қираған, сынған, өртенген мекемелер­ден бөлек, адам шығынының өзі жетерлік. Ресми дереккөзде­ріне сүйенсек, бір ғана Қызылорданың өзінде 21 әскери қызмет­кер оққа ұшып, ажал құшты. Террорлық әрекетке тойтарыс беру барысында кеудесін оққа тосқан қызметкерлерден бөлек, ауыр жарақат алып, ауруханада жатқандары қаншама?! Соның бірі – қалалық ІІБ-ның уақытша ұстау иззоляторының айдауыл командирі Игілік Мешітбай.

– ІІБ-на қаладағы «Aray sity mall»-ға барып, әскерге көмек беруге тапсырма түсті. Бірден 10 адам болып көлікпен шығып кеттік. Біз межелі жерге жеткенде халық пен әскерилер арасында қақтығыс басталып кетіпті. Көмек беріп үлгергенше болмады, табанымыз енді жерге тиген бізге митингке шыққандар лап қойды.

Алысып бақтық. Алайда көп көптігін көрсетті. Басып-жаншып үстімізден өте шықты. Көтерілісшілер аяушылық танытқан жоқ. Құдды бір шеттен келген жау сияқты. Ұрып-соққаны сонша ауыр жарақат алып, денемізді көтеруге әліміз келмеді. Тек сәлден кейін барып, таныды ма білмеймін, әйтеуір 2 жігіт екі жағымнан сүйреп, ОМО-ның ішіне кіргізіп жіберді. Бірақ артымыздан оншақты адам ентелеп кіріп, ұрып кетуге талпынды. Алайда мейірбекелер араша түсіп, ұрғызбай-соққызбай аман алып қалды.

Қазір жағдайым жақсы. Жұмысқа қосылдым. Бірақ қасымдағы 10 адамның төртеуі қатты жарақат алып, ауруханада жатыр. Біреуі мүлдем ауыр халде, – деді командир Игілік Тасқалиұлы.

Арандатушылардың арбауына түскен халық шынында әскери қызметкерлерді аямағаны рас. Көзбен көрдік. Игілік секілді жүздеген әскер зардап шекті.

– Біз шынында халықтың бұлай көтеріліп, арандатушы топтың ізіне еріп кетерін білмедік. Бейбіт шеру аяқастынан басқа сипат алды. Кейбір ереуілшілер сол жерге барған әскери қызметкерлерді аямай ұрып-соқты. Шеруге шыққан адамдар ереуілді бастап, әскерилерге шабуыл жасауға итермелеп жүр­ген, ойлары басқа адамдарға алданып қалды расында. Ақыр-соңы қаншама мекеме өртеніп, қаншама адамға зардабы тиді. Ана жерде құдды бір соғыстың ортасында жүргендей болдық. Біз осы кезде арандатушылар ақ пейілді, қонақжай қызылордалықтардың сол кездегі жағдайын өздерінің пайдасына пайдаланып кеткенін анық байқадық, – деді командир.

Иә, шынында ұлттың қауіпсіздігіне де, тұтастығына да осы тұста бірдей қатер төнді. Батыр жауынгерлер мен жылдам іс-қимылдың арқасында елдігімізге көз алартқандардың, елдің тыныштығын бұзғысы келетіндердің алдын ала құрылған жоспарына тойтарыс бердік. Оған Игілік секілді бейбіт күннің батырларының тамшыдай болсын үлес қосқаны талассыз.

К.АҚТАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: