Сенбі, 27 сәуiр, 07:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Күміс жас»: Зейнетке жақындағанда жұмыссыз қалмайсыз

15.03.2022

1300 0

Шынында, зейнет жасына жақындағанда жұмыссыз қалған жандардың қайтадан жұмыс табуы екіталай. Жігерлі жастардың өзі екі қолға бір күрек таба алмай жүргенде елуден асқандарды кім жұмысқа ала қойсын?! Бұл жастағы адамдардың жайы да мемлекет назарынан тыс қалмады. Зейнет жасына жақындап, жұмыс іздеп жәутеңдеген азаматтарға «Күміс жас» арнайы жобасы қорған болады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде 450407 жұмыссыз болса, оның 83 мыңға жуығы 45-54 жас аралығындағы азаматтар. Ал жасы 55-тен асқан 65 мыңнан асқан адамның тұрақты жұмысы жоқ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске қосқан бұл жоба зейнеткерлікке шығуға жақын қалғанда жұмыссыз қалған азаматтарды жұмыспен қамтуға үлес қоспақ. Жоба аясында жыл сайын 5000 адам жұмыспен қамтылмақ. Өткен жылы бұл пилоттық жоба ретінде Қарағанды облысында жүзеге асса, биыл барлық өңірде жүзеге аса бастады.

Жоба аясында жұмысқа орналасқан азаматтардың жалақысының 50 процентін мемлекет субсидиялайды. Бір жылдан кейін тұрақты жұмысқа орналасуға да мүмкіндік бар. Айта кетелік, жобаның тағы бір шарты жалақыны мемлекет тарапынан субсидиялау 30 АЕК-тен аспайды. Мәселен, «Күміс жас» жобасымен жұмысқа орналасқан маманның жалақысы 200000 болса, оның 90 мың теңгеден астамы ғана мемлекеттен субсидияланады. Жоба мерзімі – 1 жыл. Ал бір жыл өткен соң қалай болады деген сұрақ көкейіңізде тұрғаны анық. Жұмыс беруші мекеме бір жылдан кейін жоба аясында жұмысқа орналасқан маманға тұрақты жұмыс беруге міндетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: