Сенбі, 27 сәуiр, 13:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Марқұм Жанар Хамитоваға ұқсайтын жас әнші: Келбетім ұқсаса да, тағдырым ұқсамасын

14.07.2023

522 0

Әлеуметтік желіде «Қара қыз – дара қыз» лақап атта танылып жүрген жас әнші Ділназ Бердалиеваның марқұм Жанар Хамитоваға ұқсастығы қызу талқыға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көпшілік желіде танымал болған Дильназдың Жанар Хамитовамен ұқсастығы бар екенін айтуда. «Дауысы керемет. Тура Жанардың дауысы сияқты ерекше. Өнерің өрге жүзсін», «Көзіме жас алдым», «Өзің ұқсағаныңмен, тағдырың ұқсамасын» – деді пікір білдірушілер. Сондай-ақ Дильназ Бердалиева «Таңғы studio» сияқты көптеген бағдарламаға сұхбатқа шақырылуда. «Жанар әпкемнің дүниеден озғанына 3 жылдан асып кетіпті… Біз адам баласының алдында қандай сынақ, қандай қиындық немесе қуаныш пен шаттық күтіп тұрғанын білмейміз. Бір-ақ рет берілетін өмірді мәнді де сәнді етіп сүруімізді Алла жазсын! Жанар әпкеме сырт келбетім я болмаса дауысым, шашым ұқсаса да, тағдырым ұқсамасын», – деп жазды ол Instagram желісіндегі жазбасының сипаттамасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: