Жұма, 03 мамыр, 15:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Шошқа тұмауы өршіп тұр. Мектептер карантинге жабылып жатыр

23.12.2022

565 0

Елімізде шошқа тұмауы мен коронавирустың жаңа штамдары анықталды, – деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, ковидтің «омикрон» штамынан бөлек «цербер» штамы да тіркелген.

Сондай-ақ, тұмаудың түрлері өршіп тұр.

Қырғызстанда шошқа тұмауына байланысты мектептер карантинге жабылған.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

– Тұмаудың бір-біріне ұқсамайтын үш түрі бар, соның ішінде шошқа тұмауы да бізде тіркелген. Оған қоса аденовирус тіркеліп жатыр, қазір вирустың барлық түрі анықталып, инфекция мен суперинфекцияның араласқанын көріп отырмыз. Вирустар бірінің үстіне бірі қабаттасып, сырқат өте ауыр жүреді.

Ресейде де бірқатар өңірде мектептер мен ауруханаларда карантин енгізілді. Қоғамдық мекемелерде маска тағу міндеттелді.

H1N1 вирусы өте қауіпті, тіпті аурудан қайтыс болған балалар бар. Әсіресе оны 5 жасқа дейінгілер жиі жұқтырады дейді мамандар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: