Дүйсенбі, 04 қараша, 10:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

16.09.2023

436 0

Бүгін облыс әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Шахмардан Баймановтың төрағалығымен «Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия» отырысы өтті.

Комиссияның жылдық жоспарына сәйкес мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылу жай-күйіне облыстық инспекциялық топпен жүргізілген тексеру қорытындысы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Қармақшы және Жаңақорған аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталу барысы қаралды.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған облыстық инспекциялық топ ағымдағы жылы 8-22 тамыз аралығында аймақтағы 178 мемлекеттік мекемеге зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында 16 мекемеде кемшіліктер анықталып, оның ішінде10 кемшілік дер кезінде қалпына келтірілді. Кемшіліктерді жою бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кету керек, жыл басынан бері Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған түрлі форматтағы 226 мәдени-патриоттық іс-шара өткізіліп, 80 мыңға жуық тұрғын қатысқан. Сондай-ақ, осы шаралар барысында 4 мың дана Мемлекеттік Ту пайдаланылды. Республикалық және жергілікті телеарналарда 95 сюжет, 342 материал, 15 бейнеролик жарияланып, 186 көрнекі үгіт-насихат құралдары орналастырылды.
Комиссия қорытындысымен облыстық басқарма басшыларына, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері мен аумақтық департамент басшыларына Мемлекеттік рәміздердің бекітілген Ұлттық стандарттарға және ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес пайдаланылуын, қолданылуы мен орналастырылуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: