Дүйсенбі, 07 қазан, 07:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

13.01.2021

5997 0

Байқауға

Эссе

«Бала күнімізде теміржол жағасында көп ойнайтынбыз. Әрі-бері өткен поездарды күтіп алып, шығарып салып жүретінбіз. «Бақыт, денсаулық, жол» деп вагондарды санаймыз. Соңғы вагон «денсаулық» болды. Достарымызбен денсаулық туралы әңігемелесіп келе жатқанымызда, орындықта отырып ұйықтап отырған адамды көрдік. Қасына жақын барып қарасақ, білегінің тұсында салынған шприц көрдік. Тоңып қалдырап дірілдеп, бүрісіп отыр екен. Бәріміз қорқып үйімізге қаштық. Мен әкеме барып, әлгі көкені танығанымды, оның өзіне екпе салып ауырып жатқанын хабарладым. Әкем дереу орнынан атып тұрып, «ол жаққа барып енді ойнамаңдар» деді де шығып кетті…

 Әкемнен «нашақорлық дегеніміз не?» деп сұрағанымда, маған осы оқиғаны айтып берді. Мектепте өткен тәрбие сағатында да есірткінің зияны туралы мұғалім мол мағұлмат берді. Адам бойындағы сезгiштiктi жоғалтып, естен айыратын, қош исі бар шөптесін өсімдік. Ми жасушаларының жұмысын өзгерте алатын химиялық зат. Есірткіге елітіп есі кеткен адам түрлі жат әрекеттерге баруы мүмкін екенін білдік.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс көлемінде нашақорлықпен есірткі бизнесіне қарсы көптеген алдын алу шараларын ұйымдастырып келеді. Тәртіп сақшылары тыйым салып, ұсталғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуда. Біздің облысымызда «Қарасора» ауқымды операциясы аясында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталып, үлкен есірткі алқаптары жойылғанын жаңалықтардан естідік. Полиция қызметкерлері өз кезегінде есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсорлармен байланысты қылмыстарды ескерту, анықтау, олардың жолын кесу және ашу мақсатында тынымсыз еңбек етеді.

Денсаулық – баға жетпес асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Кешегі пандемия уақытында бәріміз ауырып денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Атам ауық-ауық шұбат ішіп, атқа жайдақ мініп серуенге шығып жүрді. Әжемде «ауа тарылып барады» деп шағымданып, далада отырды. Ата-анам қажет дәрілерді таппай әбігерге түстік.  Дерт жанымызға батқанда барлық тіршілік жайына қалды. Міне, адам денсаулығының маңыздылығы. Есірткі шегіп ессіз болғанша, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек. Саламатты өмірді ұстану, жат қылықтан бойыңды аулақ ұстауға көмектеседі. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деген ТомасКарлейль. Біздің отбасымызда денсаулықты күту шаралары қатаң сақталған. Таңертең ерте тұрып жаттығу жасау, таңғы асты тойып жеу, майлы тамақтарды азайтып, суды көп ішу секілді шарттары бар. Бәріміз бұлжытпай орындап жүрміз. Арамыздан үлкен ағам ғана кешке көшеге шығады. Достарымен басқосатын көрінеді. Оның тәртібі әкемнің жіті бақылауында. Қайда барды, кіммен кездесті бәрін біліп отыр. «Баланың көңілі далада, ананың көңілі балада» демекші, ағам есіктен кірмейінше анамда көз ілмейді. Алаңдап отырады. Ата-анам біздерді беймезгіл уақытта жургенге, жат қылықтан аулақ болуға үнемі шақырады. Әрине, бұның бәрі біздің жарқын болашағымыз үшін екенін түсінеміз.

… «Баламыз ғой ол уақыт көп нәрсенің байыбына бармаппыз. Кейін ауыл адамдары «пәлшенің есірткі қолданатын баласы ақыры өліпті» дегенде барып түсінгендей болдым» деді әкем әңгімесінде. Мен тақымдай түсіп, әке ол адам жас еді ғой дедім. «Иә, балам, ол жас әрі еліміздегі ең ірі оқу орынанда елші мамандығында білім алып жүрген. Мектепті де жақсыға оқыды. Армандарына тосқауыл болған осы есірткі. Анасы да жалғыз ұлдан айырылып, кеудесін өкініш кернеп қалды» деп әлгі жолдың бойында көрген адамы туралы тарқатып айтып берді.

Адам болып дүниеге келген соң, өмірде игі істерге болысып, жақсы нәрселерді көріп, асқақ армандарға, айқын мақсаттарға жету керек. Бұл жолда тек жат қылық қана жолыңды бөгей алады. Сондықтан да мен барша замандастарымды, достарымды есірткіге мүлде жоламауға шақырамын. Көбіне жастар білместікпен шалыс басып жатамыз. Сондықтанда қазіргі ақпарат заманында ғаламторды тиімді пайдаланып, зиянды заттар туралы біліп алуымыз қажет. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мектеп оқушыларына арнап түрлі шығармашылық байқаулар ұйымдастыратынын біліп қуанып қалдым. Нашақорлықпен күрес − баршамызға ортақ іс. Менде өз үнімді қосайын дедім.

Шұғыла АРДАҚҚЫЗЫ,

№142  орта мектептің 9-сынып оқушысы,

Шиелі ауданы

#УПНДПКЗО

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: