Жұма, 03 мамыр, 22:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Міржақып. Оян, қазақ!» тарихи драмасының кинопрокаттан алынуы қазақстандықтардың наразылығын тудырды

06.10.2023

549 0

Алашорда өкілі Міржақып Дулатұлының қиын тағдырын баяндайтын «Міржақып. Оян, қазақ!» тарихи драмасының кинопрокаттан алынуы қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алғашында көрермендер қалалық жарнамалық баннерлерде енді «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі жарнамаланбайтынын байқаған. Тарихи драмаға билеттерді онлайн кассадан сатып алу әрекеті де сәтсіз аяқталған.

Барлық тиісті қызметтерде іздеу жүйесі «бұл фильм енді кинотеатрларда көрсетілмейді» деп жауап берген. Бұл жағдай сәйкесінше қазақстандық көрерменді қатты күйзелтті.

«БАҚ қызметкерлеріне, баршаға, қоғам қайраткерлеріне, еліміздің барлық абзал, жанашыр азаматтарына үндеуім! Міржақыптың «Оян, қазақ» фильмін прокаттан алып тастағанын енді білдім. Естігеніме сенбей, барлық онлайн кассаларды аралап шықтым. Фильм мүлде жоқ. 

Біздің елдегі мұндай командалардың тамыры ең жоғары лауазымдардан шыққанына сенімдімін. Қайсысынан екенін нақты айта алмаймын. Тырнақшаға алынған қай данышпан киноны тоқтату идеясын ойлап тапқанын білейік!», – деп жазды Аслан Жұматаев есімді желі қолданушысы. 

Алайда фильм режиссері Мұрат Есжан тарихи драманы кинотетардан көріп үлгермеген көрермендерге жақсы жаңалығын жеткізді. Оның айтуынша,  6 сериялы телехикаядан жасалған көркем фильм жақын арада «Qazaqstan» арнасының эфирінен көрсетіледі.

“Міржақып. Оян, қазақ!” фильмі кестеде неге жоқ деген сұрақтар таң атқалы көптеп келіп жатыр. Шығармашылық топ, яғни, біз прокатпен айналысқан жоқпыз, десе де, мына нәрсені айтқым келеді. Фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерізімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды.

Жалпы, 6 сериялы телехикаядан көркем фильм жасау, оны үлкен экран арқылы көпшілікке ұсыну “Қазақстан” телерадиокорпорациясының тікелей идеясы мен ұсынысы болатын. Ол үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сондықтан прокат мерізімінің аяқталуынан қандай да бір астар іздеп, тараптарды кінәлаудың орны жоқ деп санаймын.

Уақыты мен қаржысын қиып, келген, көрген, таратқан барша көрерменге алғысымыз шексіз! Көріп үлгермеген ағайын үшін фильм жақын арада «Qazaqstan» арнасының эфиріне және онлайн-платформаларға шықпақ», – деп жазды фильм режиссері Мұрат Есжан.

Айта кетейік, тарихи телехикаяның премьерасы өткен жылдың желтоқсан айында Астанада өткен болатын. Шара Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: