Жексенбі, 08 желтоқсан, 11:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Мүмкіндіктер алаңы

17.05.2022

995 0

Қоғамда түрлі тағдырлар кездеседі. Мүмкіндігі шектеулі жандар сол қоғамның ажырамас бір бөлшегі саналады. Оларды қолдау мемлекеттік саясаттың бір бағыты.

Осы орайда қала әкімдігінің қолдауымен қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы өз жұмысын бастады.

Салтанатты рәсімге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Ибраева, «Қазақ соқырлар» қоғамының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асқар Қолдабеков қатысып, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

«TEN QOGAM»  мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығының мақсаты – мүгедектерді оңалту жүйесін жасау, олардың қоғаммен жан-жақты араласуын толыққанды қамтамасыз ету. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауға негізделген шаралар ұйымдастыру. Олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып табылады.

Президент Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға көбірек тарту қажет екені атап көрсетілген. «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай отандастарымызға тұрақты түрде қамқорлық пен қолдау көрсетілуі керек», – деген болатын.

«TEN QOGAM»  әлеуметтік қолдау орталығы қала­дағы өмірлік қиын жағдайда жүрген, тәрбиеленуінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе өздері де сол санаттағы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға арналған.

Орталықта заңгерлік кеңес беру, психологиялық көмек, әлеуметтік-тұрмыстық, кәсіпкерлікке баулу дағ­ды­ларын үйрету, бос уақыттарын тиімді үйлестіру жұмыстары жүзеге асады.

– Қазіргі таңда өңірімізде 30 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олардың 5 мыңы балалар. Орталықтың негізгі басым бағыты – соларға көмек көрсету. Қоғамның бір бөлшегі екенін сезіндіру, дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасы бастығының орынбасары Айгүл Ибраева.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: