Дүйсенбі, 06 мамыр, 05:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Мұз үстінде қауіпсіздікті сақтаңыздар

05.12.2021

406 0

Жыл сайын Сырдария өзенінің жағасындағы балықшыларға «Қысқы мезгілде аң аулау мен балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелері туралы» парақшалары таратылады. Балық аулауды кәсіп немесе хоббиіне айналдырғандар осы жадынамадағы қағидаларды мүлтіксіз орындауы қажет.


Балықшылар қыстың күні ең алдымен мұздың қалыңдығына сенімді болу керек. Әдетте, мұз әсіресе су ағындары мен жылдам ағыспен жүретін жерлерде тұрақсыз болады. Егер мұз жарылса, шытынаса немесе мұз бетінде су пайда болса дереу жағаға оралу қажет. Сонымен қатар, кеңінен аралық аяқты алшақтап жүріп, немесе кем дегенде, серіппен өту керек. Мұз үстінде адамдар мен жүктер бір жерде жиналуға болмайды. Сондай-ақ, қолайсыз ауа-райында: тұман, қар, жаңбыр және түнде мұзға шықпау қажет.


Балық аулау хоббиі жақсы және жағымды естеліктер қалдыру үшін мұз туралы қауіпсіздік ережелеріне мұқият болған жөн. Мұзда балық аулау кезінде кішкене аумақта көп мұз ойықтарын оюға болмайды. Олардың арасы 5-6 метр қашықтықта болуы керек. Әрбір әуесқой балықшылардың өзінде құтқару кеудешесі, ұзын таяқ және 15-20 метр жіп болуы қажет.


Шынжырхан СҮЛЕЙМЕНОВ,
«Қызылорда Fish» Қызылорда облысы бойынша
спорттық және әуесқой балық аулаушылар қоғамы»
қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: