Сенбі, 20 сәуiр, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Наурыз береке бастауы!

15.03.2022

609 0

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз» мерекесіне орай 2022 жылдың 14 наурыз күні «Наурыз береке бастауы!»- атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Салтанатты шараға Қызылорда облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Абдукаримов Мейрамбек Жақсылықұлы, басқарма қызметкерлері, сонымен қатар орталықта қызмет атқарған ардагер зейнеткерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, орталық қызмет алушылары, күндізгі бөлім ем алушылары және орталық қызметкерлері қатысып, мерекелік іс-шараны тамашалады.

Келген қонақтар спорттық алаңдағы ұлттық ойындарды тамашалап, орталықтың 1-қабатында қызмет алушылар жасаған қолөнер көрмесімен, медициналық бөлімнің жұмыстарымен, 2 қабатта орналасқан еңбек ардагерлерінің тақтасымен және де Оңалту кабинетінің жұмыстарымен танысып, қызмет алушылар А.Досқабылова, К.Маханбетовалармен сұхбаттасты.

Сұхбат соңы, Наурыз мерекесіне сай безендірілген орталық аумағында ұйымдастырылған 6 кіші киіз үй қазақтың ұлттық тағамдарынан дайындалған дастархан мәзірімен таныстырылды.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі өскелең ұрпаққа ізеттілігін аямайтын қарттарымыздың орны ерекше. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан, осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа таусылмас қазына. Орталық мекеме ауласында қызмет алушылар мен күндізгі бөлім ем алушыларының қатысуымен «Наурыз береке бастауы!» – атты мерекелік іс-шара Қызылорда облысы ардагерлер кеңесі төрағасының құттықтау сөзімен ашылып, өз өнерпаздарымыздың мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, «Ас атасы-нан» дәстүрі бойынша «Бауырсақ пати» ұйымдастырылып, келген қонақтар мен іс-шараға қатысушыларға наурыз көже мен ыстық бауырсақтар таратылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: