Жұма, 19 сәуiр, 22:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 33 жыл толды

28.02.2022

809 0

Бүгін ядролық апатқа қарсы халықаралық «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 33 жыл толуына орай Тағзым алаңында еске алу митингісі өтті.

Шарада қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі.

Құрылуы тұтас халықтың серпілуіне септігін тигізген Халықаралық антиядролық қозғалысының белсенді мүшелері ядролық сынақтарды тоқтатуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміз ядролық қарусыз өмірді таңдады. Бүгінде Сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген «Невада-Семей» қозғалысының мүшелерін, Семей сынақ алаңында әскери борышын өтеген ардагерлерімізді қадірлеп-құрметтеуді өзіміздің борышымыз деп білеміз, – деді Бектас Балғабайұлы.

Шара барысында «Невада-Семей» ядролық сынағының зардабын жоюға қатысқан ардагерлердің рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.

Айта кетерлігі, шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова, қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов, облыстық және қалалық «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: