Бейсенбі, 07 қараша, 11:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Нұрлыбек Нәлібаев қаржы тартудың нақты жобаларын ұсынуды тапсырды

20.07.2022

580 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен алқа отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе: І жартыжылдықтағы аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің жүзеге асуы және бюджет қаржысының игерілуі, екінші, инвестиция көрсеткішінің орындалуы мен индустриялық аймақтардың жай-күйі сөз болды.

Алқа отырысында аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында ілгерілеудің барын айтып, бұл көрсеткішті жыл аяғына дейін ұстап тұруды және орташа ресубликалық деңгейден жоғары болу қажеттігін қаперге салды.

Бірінші мәселе жөнінде облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай баяндама жасап, негізгі көрсеткіштерді тізбеледі.

Жиында аймақ басшысы бірнеше көрсеткіштер бойынша қалыс қалған аудандардың барын айтты. Мәселен, Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданында өнеркәсіп өндірісімен қатар өңдеу секторында теріс тенденция қалыптасқан. Сырдария ауданында да құрылыс жұмыстарының көлемі төмендеген.

Бұл ретте, өңір басшысы облыстың экономикалық тұрақтылығы аудандар мен қаланың қарқынды дамуына тікелей байланысты екенін жеткізіп, бірінші кезекте ішкі нарықты қажетті тауарлармен толтыру арқылы инфляцияны тұрақтандыруға баса назар аудару қажеттігін ескертіп, нақты тапсырмаларды міндеттеді.

«Аудан әкімдерімен азық-түлік сақтау қоймаларын ашу жұмыстары әлі де жолға қойылмаған. Ауыл тұрғындарына көкөніс, бақша өнімдерін өсіруге қосымша жер телімдерін беру туралы менің тапсырмамды ескере келе, бұл мәселе тіптен өзектене түсті. Осы орайда, 25 шілдеге дейін қажеттілікке қарай азық-түлік сақтау қоймаларын ашу бойынша ұсыныс енгізулеріңіз керек. Сондай-ақ, жауапты басқарма тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын қалыптастыру шеңберінде қол жеткізілген келісім-шарттардың уақытылы орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың табысын арттыру бойынша тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілері облыс төңірегіндегі 300-ден астам жобалардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, салық базасын кеңейтуге және азаматтардың табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Бюджеттің игерілуі 99,9 пайызды құрауда. Жыл аяғына дейін осы қарқынды ұстауға ай сайынғы жоспарланған қаржының толық игерілуін және жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажет», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Алқа отырысында көтерілген екінші мәселе инвестициялық көрсеткіштердің орындалуы.
Алдымен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков аймақтың инвестициялық әлеуеті мен қаржы тарту жұмыстары жөнінде баяндады.

11 шілдеде өткен Үкімет отырысында «Негізгі капиталға салынған инвестиция» көрсеткішінің жоспары қайта бекітілді. Жоспарға сәйкес биыл облысқа 373,5 млрд.теңге инвестиция тарту қажет. Осы жоспардың бүгінге тек 34,1% ғана орындалған.

Бұл ретте, өңір басшысы облыстық білім, денсаулық сақтау, автомобиль жолдары, табиғи ресурстар басқармаларының биылға арналған инвестиция жоспарының былтырғыдан төмен екендігін айтып, қаржы тарту бойынша жұмысты үйлестіру қажеттігін қаперге салды.

«Білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика басқармаларында инвестиция көлемінің төмендеуі байқалады.
Сондықтан, қала және аудандардың, тиісті басқармалардың мүмкіндіктерін зерделеп, жоспарларын қайта қарап, көрсеткіштерін көбейту бағытында жұмыс жасау керек. Әкімдер тек мемлекеттік бюджеттің қаражатын игерумен қатар, белсенді түрде инвестиция тарту бағытында жұмыс жасаңыздар! Қажет болса шетелге шығыңыздар, ірі инвесторлармен кездесіп, келіссөздер жүргізіңіздер! Тек нақты нәтиже болуы керек», – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиын қорытындысымен аймақ басшысы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдерімен, тиісті жауапты басқармалармен бірлесіп 10-шы тамызға дейін инвестиция тартудың арнайы жол картасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыру бойынша ұсыныс енгізуді жүктеді.

Облыс әкімі аймақ үшін күрмеулі мәселелер бойынша шұғыл шара қабылдап, алдағы уақытта оны болдырмауын қамтамасыз етуді тапсырды. Ал өз қызметіне атүсті қараған жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылатынын жеткiздi.

Нұрлыбек Нәлібаев қаржы тартудың нақты жобаларын ұсынуды тапсырды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: