Сейсенбі, 23 сәуiр, 22:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі қабылдау кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін тыңдады

23.05.2022

615 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезекте тұрған тұрғындардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Аймақ басшысы қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін жеке-жеке қарап, өтініштерін тыңдады.

Азаматтар тұрғын үй алу, жұмыспен қамту, көз мүгедектігі бар жандарға қоғамдық көліктерде тегін жүру мәселесін көтерді. 

Облыс әкімі мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау өзекті екенін, тұрғын үйлер тек кезек реттілігімен берілетінін жеткізді. Бұл ретте әрбір мәселені мұқият қарап, сала басшыларына бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: