Жексенбі, 08 желтоқсан, 07:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі террорлық актіден зардап шеккен әкімшілік ғимараттардың қалпына келтіру жұмыстарын саралады

12.01.2022

1045 0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова террорлық акті салдарынан зақымданған әкімшілік ғимараттарды аралап, нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын саралады.Аймақ басшысы алдымен «Nur Otan» партиясының Қызылорда қалалық филиалы ғимаратында болды. Террорлық шабуыл салдарынан нысанның 20 пайызы бүлінген. Терезелері мен есіктері сынып, офистік техникаларына зақым келді. Қазір нысанды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Облыс әкімі террорлық актіден зардап шеккен әкімшілік ғимараттардың қалпына келтіру жұмыстарын саралады

Мұнан соң өңір басшысы Қызылорда қаласы әкімдігіне барды. Бұл нысанның да есік-терезелері сынған. 7 қаңтардан бері әкімдік қалыпты жұмыс режиміне көшкен.Террористер орталық алаңдағы әкімшілік нысандарға айтарлықтай залал келтірілген. Облыс әкімі «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында террорлық әрекет салдарын жою бойынша жасалып жатқан жұмыстарды көрді. Нысанның 70 пайызы өртке оранып, мүлкіне залал келген. Қазірде шығын көлемі есептелуде.

Облыс әкімі террорлық актіден зардап шеккен әкімшілік ғимараттардың қалпына келтіру жұмыстарын саралады

Ал, террористік әрекет салдарынан облыстық сот ғимаратының 460-қа жуық құрал-жабдығы мен 300-ден астам офистік техникасы жарамсыз күйге түскен. Қазір ғимаратты тазалау мен қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.

Өңір басшысы жөндеу жұмыстарының жүргізу және шығын көлемі нақты дәлелді есептемелермен, құжаттармен расталуы керектігін тілге тиек етті. – Төтенше жағдай режиміне байланысты залал келтірілген ғимараттарға Үкімет резервінен қажетті қаражат бөлінеді. Ол алдағы уақытта белгілі болады. Ал оған дейін біз дайындық жұмыстарын жүргізіп, келтірілген шығын көлемін нақтылап жатырмыз. Қажетті сома бөлінген соң, қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастаймыз. Жалпы 8 әкімшілік ғимараттың шығын көлемі 6 млрд.теңге көлемінде есептелді.

Аймақтағы бизнес өкілдерінің шығындарын өтеу жөнінде мемлекет міндеттеме алды. Террорлық акті салдарынан облыста 15 кәсіпкер субъектісіне зиян келіп, оның көлемі шамамен 395 миллион теңгеден асты. Бірақ басты принцип – шынайылық болу керек. Шығын көлемі нақты құжаттармен рәсімделуі тиіс, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Облыс әкімі террорлық актіден зардап шеккен әкімшілік ғимараттардың қалпына келтіру жұмыстарын саралады

Мұнан соң, аймақ басшысы қалалық полиция басқармасының ғимаратында болып, қалпына келтіру жұмыстарының барысын саралады.

Айта кетейік, теріс пиғылдағы террорлардың шабуылы облыс әкімдігінің ғимаратында да орын алды. Әкімдіктің ғимаратында есік-терезелерді сындыру, офистік техникаларды ұрлап кету, қызметтік автокөліктерді өртеу әрекеттеріне дейін барған. Жалпы 1-3 қабаттағы кабинеттерге зақым келген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: