Құрылтай

Сәрсенбі, 15 шiлде, 22:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Өңірде криминогендік ахуал тұрақты

15.07.2026

51 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысында қылмыстық құқық бұзушылықтар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға, ал қылмыстар саны 10 пайызға азайды. Ұрлық, пәтер ұрлығы, мал ұрлығы, интернет-алаяқтық, бұзақылық және қарақшылық секілді қылмыс түрлерінің төмендеуі профилактикалық жұмыстардың нәтижесін көрсетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев баяндады.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда, көшелерде, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында, бұрын сотталғандар мен жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстардың да саны азайды. Есепті кезеңде қарумен жасалған қылмыс тіркелмеген.

«Қылмыстарды ашу деңгейі де айтарлықтай жақсарды. Жалпы ашылу көрсеткіші 76,7 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,1 пайыздық өсімге жетті. Басты мақсатымыз қылмысқа жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Соңғы жылдары профилактикалық жұмыстарды күшейту арқылы бірқатар қылмыс түрлері бойынша тұрақты төмендеу байқалып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, – деді Серік Әбдімәуленұлы.

Баспасөз конференциясы барысында құқық қорғау органдары қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейте беретінін мәлімдеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: