Жұма, 26 сәуiр, 11:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Өнім өндірудің жаңа технологиялары іске қосылды

08.02.2022

1008 0

Қала әкімдігі жанындағы баспасөз орталығында қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Нұрбек Әзірбек өткен жылы бөлім тарапынан атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Басшының хабарлауынша, 2021 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 8905 гектар жерге егін егілген.

Бүгінгі күні 2287 тонна ет, 5 422 тонна сүт пен 662 мың дана жұмыртқа өндірілген. Өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру 1,8 процентке, сүт өндіру 1,7 және жұмыртқа 2,5 процентке артқан.

– Өткен жылы суды үнемдеу мақсатында күрішті көшеттеп егу технологиясы тәжірибе ретінде алғаш рет енгізіліп, «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС мен «Golden Bridge Turan» ЖШС бірлесіп, жапон техно­логиясымен 155 гектар жерге күріш көшеттеп егілді. Сондай-ақ тамшылатып суару технологиясымен Қарауылтөбе ауылдық окру­гінде 4 гектар қызанақ және Қызылөзек ауылдық округінде 8 гектар картоп егілді, – деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар қала тұрғындарын көкөніс және бақша өнімде­рімен қамтамасыз ету мақсатында Қарауылтөбе ауылдық округінен 10 гектар егістік жер бөлініп, 87 тұрғын бақша дақылдарын егумен айналысқан.

Одан бөлек, бөлім басшысы мемлекеттік бағдарламалар шаруа қожалықтарына мал басын көбейтуге көмектескенін алға тартты. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасымен төрт шаруашылық құрылымы «Сыр­дария-1» несие серіктестігі арқылы 46 бас асыл тұқымды сиыр және 1500 бас қой сатып алса, «Қарапайым заттар экономикасы», «Іскер», «Еңбек» бағдарламалары бойынша 653,4 млн теңгеге 657 бас мүйізді ірі қара, 210 бас жылқы, 3298 бас қой, 15 бас түйе сатып алған.

«Аруана Агролидер» ЖШС өз қаржысы есебінен «Сыбаға» шағын консерві өңдеу цехын іске қосып, 10 адамға тұрақты жұмыс ұсынып отыр. Жоба қуаттылығы 1 ауысымда 800 дана консервіге дейін шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Ақсуат ауылдық округіндегі «КазАгроМир» ЖШС-ның автоматтандырылған жылыжай кешені 320 тонна қияр өндіріп, қала аумағындағы сауда үйлеріне төмен бағада өткізген. Одан бөлек, облыс орталығындағы сауда орындарынан ашылған әлеуметтік бұрыштарда 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік базар нарқынан төмен сатылуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: