Сәрсенбі, 01 мамыр, 12:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Оқушыға арналған рюкзакты қалай дұрыс таңдауға болады?

14.08.2023

401 0

Оқушының ең қажетті құралы – сөмке. Сөрелердегі сөмкелерден көз сүрінеді. Ата-аналар баласының таңдауына ерік беріп, көп жағдайда сапаға, талапқа көңіл бөлмей сауда жасап жатады. Бұл – олқылық. Бала денсаулығына – қауіп. Ендеше, қауіпсіз сөмкені қалай таңдау керек?

             Сатып алу кезінде міндетті түрде төменде көрсетілген белгілерге назар аударуды ұмытпаңыз:

1. Таңбалау

           Мониторинг жүргізу барысында таңбалау бөлігіндегі бұзушылықтар жиі кездеседі. Сөмкенің өндіруші елі, жас ерекшеліктері туралы ақпараттар көрсетілмейді. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 007/2011 КО техникалық регламент талаптарына сәйкес өнімде міндетті түрде өндіруші туралы ақпарат пен жас ерекшеліктері туралы мәліметтер болуы керек және ол ақпарат толық әрі анық оқылатын болуы керек. Көптеген рюкзактардың маркировкасында сөмкені пайдаланушының жасы туралы ақпарат болмайды. Рюкзакты сатып алу кезінде, жапсырмада мақсаты (мысалы: «мектеп»), жасы (мысалы: 6+) көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Егер мақсаты мен жасы көрсетілмесе, бұл балаға арналмаған өнім болуы мүмкін. Есіңізде болсын, балаларға арналған өнімдерде сәйкестік туралы құжат болуы керек. Сатушы сатып алушының сұрауы бойынша осындай сертификатты ұсынуға міндетті.

2. Салмақ

             007/2011 КО Техникалық регламент талаптарына сәйкес сөмкелердің, портфельдердің немесе рюкзактардың салмағы бастауыш сынып оқушылары үшін 700 г, орта және жоғары сынып оқушылары үшін 1000 г аспауы тиіс. 

3. Рюкзак пен белдіктердің өлшемі

             007/2011 КО Техникалық регламент талаптарына сәйкес төменгі сынып оқушысына арналған рюкзактың арқасы қатты, майыспайтын, оқушының арқасына және салмағының иыққа, белге және жамбасқа біркелкі түсуіне мән берілген дұрыс. Бастауыш сынып оқушысына арналған рюкзак мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс: рюкзактың артқы жағының ұзындығы: 3-3,6 см, алдыңғы жақтың биіктігі: 2,2–2,6 см, ені: 6-10 см. Өлшемдерін 3 см-ден асырмай ұзартуға жол беріледі. Иық белдіктерінің астары желдетілетін матадан жасалуы тиіс. Белдіктер мықты бекітіліп, ұзындығы бойынша реттелуі маңызды. Егер бала бастауыш мектепте оқитын болса, ортопедиялық арқасы бар рюкзактарға артықшылық беру керек;

4. Жарықшағылыстырғышэлементтердіңболуы

             Жолда жүріп бара жатқан бала алыстанкөрінуітиіс. Уақыт ерекшеліктеріне байланысты балалар қараңғыда мектепке немесе мектептен келе жатқанда, шағылысатын элементтер тек киімде ғана емес, сөмкеде де болуы керек.

             007/2011 КО Техникалық регламент талаптарына сәйкес оқушыларға арналған портфельдер мен сөмкелерде алдыңғы, бүйір беттерде және жоғарғы клапандарда шағылыстырғыш элементтері бар бөлшектер және(немесе) керек-жарақтар болуы керек. Бұл барлық рюкзактарға, тіпті жоғары сынып оқушылары сөмкелеріне де қатысты. Рюкзак жасалған материал жеңіл, мықты, су өткізбейтін жабыны бар және тазалауға ыңғайлы болуы керек.

             Құрметті ата-аналар!Рюкзактарды сатып алу кезінде асықпаңыз және таңдау кезінде мұқият болыңыз.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: