Сенбі, 20 сәуiр, 19:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Оқушылар есірткіге қарсы

27.02.2022

726 0

Қызылорда  ОПД  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан облыс көлемінде оқушы, студенттер арасында есірткіге  қарсы  үгіт  бригадалар онлайн байқауы  ұйымдастырылды.

Сайыстың  негізгі  мақсаты – жастар,  балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау болып табылады.

Сайыстың бірінші кезеңі аймақтарда жергілікті білім бөлімдерімен өткізілді. Екінші кезеңге үздік болып танылған 19 команда қатысып,  есірткі  мәселесіне  байланысты  ой – пікірлерін,  өздерінің  үгіттеу  шаралары  мен  миниатюралар  театрындағы  қойылымдарында  көрсете  білді. Сайыскерлер тақырыпқа  байланысты  түрлі  мағлұматтарға  сүйеніп,  осы  бағытта  ізденіп,  есірткі  мәселесіне  кеңінен  тоқталды  деп  айтуға  болады.

Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес 16 үгіт бригадасы аймақтық жеңімпаздар болып танылды.  Облыс жеңімпаздары: Қызылорда қаласы N176 орта мектеп – 1 орын, Қармақшы ауданы №272 мен №275 орта мектептер – 2  және 3 орындарды иеленді.

Өңірлік және облыстық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: