Сенбі, 27 сәуiр, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Оқымасақ, тобырға айналамыз

18.02.2023

365 0

Биыл қалада тұрғын үй құрылысын жүргізу, жол-инфрақұрылымын дамы­ту, көпірлер салу, көркейту-көгал­дандыру, газдандыру, ауызсу және аяқсумен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Осы аталған жұмыстың біразы қала­лық тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тиесілі.

Жалпы республикалық немесе об­лыстық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінсе, бұл жұмыстардың бәрі ретімен шешіліп, ел игілігіне пайдалануға берілмек. Сонымен, биыл қандай жұмыс қолға алынбақ?

Осыған орай оқырмандарымыз үшін «24 сағат» бетіне коммуналдық саланы қамтитын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаевпен сұхбат жүргіздік.

– Жеңісбек Исламұлы, биылғы жылы қала тұрғын­дарын қандай жағымды жаңалықтар күтіп тұр?

– Өздеріңізге белгілі, өткен жылы «Қызылорда автобус паркіне» «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жаңадан лизингке 150 автобус алуға 1 млрд 430 млн теңге бөлінді. Соның аясында 100 автобус маршруттық бағытқа қосылды. Қалған 24-і жақында келіп, басқасын ақпан айында жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Әрине, бұл қажеттілікті толық өтемейді. Өйткені тұр­ғындар тарапынан қоғамдық көліктерге сұраныс күннен-күнге артуда. Осыған байланысты аймақ басшысының тікелей қолдауымен биыл тағы 150 автобус алуға 1 млрд 434 млн теңге бөлініп отыр.

Сонымен қатар қаламыздың жол-көлік инфрақұрылы­мын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқару жоспарлануда. Атап айтсақ, халықтың сұра­нысына сәйкес құрылысы 2022 жылы басталған Белкөл кентіндегі теміржол арқылы жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 109,0 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Көпірді ағымдағы жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарлануда.

«Бәйтерек» ықшам ауданы тұрғындарының арыз-шағымдарына орай «Қызылжарма» каналы арқылы Дос­тық көшесі тұсынан автомобиль көпірінің құрылысын жүргізу үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттерден 366,7 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекеме «Стандарт Ойл» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

Сондай-ақ қала тұрғындарының сұранысына сай Яссауи көшесі мен Ғ.Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысын салу үшін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттерден 320,5 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмысы жүргізілуде. Егер осы игі шаралар оң нәтижесін берсе, қала халқы үшін жағымды жаңалық болары сөзсіз деп ойлаймын.

– Биыл қаланың жол инфрақұрылымын дамыту бағытында қанша көше жөндеуден өтеді, қанша жау жүргіншілер жолы салынады?

– Бұдан бөлек, С.Бейбарыс көшесін Н.Назарбаев даңғылынан Жаппасбай батыр көшесіндегі көлік жол­айрығына дейін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, яғни көше екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейтілетін болады. Қазіргі күні бұл жұмыстар бойынша мердігер мекеме «УАД» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталады деп күтілуде.

Сонымен бірге қаладағы 88 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 49 көшеге асфальт төсеу және 39 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары бар. Ол үшін облыстық және қалалық бюджеттерден 1 615,7 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ал қаладағы 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін облыстық бюджеттен 690,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы басталды. Жыл соңына дейін толық аяқталатын болады.

– Вандализммен күрес қалай болып жатыр? Тұрғындар арасында аялдама орындықтарын, жарық шамдарды сындырып кету секілді мәселелер қаншалықты кездесуде? Әлде бұл мәселе азайды ма?

– Орынды сұрақ. Қалада жасалып жатқан барлық абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстары халық игілігі үшін жасалуда. Дегенмен қала төңірегінде аялдама, сквер-аллеялар, парктер («Қаламгерлер» аллеясы, қуғын-сүргіндерді еске алу ескерткіші, Б.Шөкенов атындағы саябақ, «Сыр ана» монументі, «Тағзым алаңы», «Аналар» аллеясы, «Келменбет батыр» ескерткіші, Сарқырама бойы және т.б.) аумағында орындықтар, қоқыс жәшігі, 5 көзді лампаларды қасақана сындыру фактілері жиілеп, толастамай отыр.

Мысалы, 2022 жылдың наурыз айында Қорқыт ата көшесі бойында орналасқан «Келменбет батыр» саябағы ішіндегі 5 көзді түнгі жарық шамдарын бірнеше рет сындырып және соның салдарынан 93 мың теңгеге шығын келтірілген. Қызылорда қаласының полиция басқармасына 29.03.2022 жылы бірнеше хат жолданып, нәтижесінде ҚК-нің 202-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгісі болмауына байланысты ҚР қылмыстық процестік кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес өндірістен тоқтатылғандығы жөнінде хабарланған.

Осыған қарамастан бөлім тарапынан екінші мәрте өткен жылдың 13 сәуір күні қосымша хат жолданып, нәтижесінде ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық белгілері болуына байланысты қылмыстық іс қозғалатындығы жөнінде мәлімдеді.

Бүгінгі күнге дейін келтірілген шығындар көбейіп, өндіру жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмеуінен қыз­мет көрсетуші мекемелер өз күшімен нысандарды қал­пына келтіруге мәжбүр болып, мекемелерге қосымша шығын келуде. Қала аумағында жеке меншіктегі ассенизаторлық көліктердің жүргізушілері санитарлық нормаларды сақтамай, яғни белгіленбеген орындарға жеке тұрғын үйлерден шыққан сұйық тұрмыстық қалдықтарды «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің теңгеріміндегі орталықтандырылған кәріз су жүйесі құдықтарына төгу, айналаны ластау оқиғалары көптеп орын алып, әлеу­меттік желілерде тұрғындар тарапынан наразылықтар туындауда. Бұл құқық бұзушылық фактілері бойынша заң талаптарына сәйкес арнайы хаттамалар рәсімделіп, ассенизаторлық автокөліктерге айыппұлдар салынуда.

Қала аумағындағы жеке ассенизаторлық автокөлік­тердің белгіленбеген орындарға сұйық тұрмыстық қалдықтарды төгу фактілерін алдын-алу және болдырмау бағытындағы жұмыстардың жүргізілуіне ықпал жасау жөнінде Қызылорда облысы полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасына бірнеше рет арнайы хаттар жолданды. Әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) осы ассенизаторлық көліктердің белгіленбеген орындарға төгу оқиғалары үнемі жариялануда.

– Көктем жақындап қалды. Қаланың санитарлық тазалық жұмыстары жайлы айтып өтсеңіз. Мәселен, бүгінде Қызылорда қаласы таза қалаға айналды. Бірақ арасында тазалыққа немқұрайлы қарайтындар жоқ емес. Осындай мәселе барысында қанша адамға қандай көлемде айыппұл төленуде?

– Иә, қаланың тазалығы басты назарда. Осы кезде «Қызылорда тазалығы» МКК 5 бағыт бойынша өз жұ­мысын атқаруда. Атап айтар болсақ,  негізгі атқаратын қызметтер тізбесіне санитарлық тазалық, тұрмыстық-қатты қалдықтарды шығару, көпқабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсету, тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және полигон қызметтері кіреді.

Аталған қызметтердің ішінде санитарлық тазалық жұмыстарына қаралған қаржы – кәсіпорынға түсетін негізгі кіріс көзі. Осы ретте 2021 жылы санитарлық жұмыстарына 666 млн теңге, 2022 жылы 699 млн теңге, 2023 жылы 836 млн теңге қаражат бөлініп отыр.

Қала көшелерінің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету шараларына қаралған қаржы қаланың 240 көшесін тазартуға бөлінген болса, іс жүзінде 350-ден астам көшеге жүргізілуде. Жаз айларында көше арам шөптерден тазартылып, бордюрлер, көше бойындағы талдар толы­ғымен ақталып, қала көшелеріне екі мезгіл су себіліп, қоқыс қалдықтарынан тазартылып отырады.

Сонымен бірге көшелердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету үшін және қала тұрғындарымен қоқыстарды бей-берекет белгіленбеген орындарға тас­тауға жол бермеу антисанитариялық жағдайдың алдын алу, үйілген қоқыс алаңдары пайда болуына жол бермеу мақсатында кәсіпорын тарапынан осы жұмыстарға арнайы мобильдік топ құрылып, рейдтік іс шаралар жоспары жасалынып, оған сай жұмыстар жүргізілуде.

Былтыр қараша-желтоқсан айларында жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде жеке сектор және көпқабатты үйлердің тұрғындарына 2396 ескертпе парақшасы таратылып, 850 үй иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рейдтік іс-шара барысында санитарлық талаптарды бұзған 38 азаматқа «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505 бабы бойынша ескерту беріліп, 434-2 1-тармағы бойынша 86 азаматқа жергілікті полицияның учаскелік инспекторларымен айыппұл салынды. Шағын және орта кәсіптік нысанның иелеріне 18 ескерту жасалып, 58 кәсіптік нысанның иесіне түсіндірме шаралары жүргізілді.

Оған қоса қала орталығы және қаланың шет аймақ көше қиылыстарына қоқыс тастамау жөнінде 91 ескерту тақтайшасы орнатылды. Көпқабатты тұрғын үй арасында орналасқан қоқыс алаңына құрылыс қалдықтарын тастамау жөнінде 40 ескерту тақтайшасы ілінді. Көппәтерлі тұрғын үйлерге тозығы жеткен 341 қоқыс жәшігі жаңартылды.

Қазіргі уақытта қала және шет аймақтары бойынша тазалықты бақылау мақсатында жылжымалы 3 бейне бақылау құрылғысы жұмыс істейді. Бейне бақылау арқылы анықталған 27 заңсыз белгіленбеген орындарға қоқыс тастау фактілері бойынша шара қолдану үшін жергілікті полиция басқармасына жолданды. Оның 14 фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, соның ішінде 6 факті бойынша ескерту шаралары берілсе, 8 оқиға бойынша 14 585 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.

– Жол белгілері мен жарық бағаналарын, бағдаршамдарды жуу, сүрту, оларды сырлау жұ­мыстары жақсы қолға алынған. Бұл қала бойынша күнделікті атқарылатын жұмыс па? Әлде арнайы белгіленген ережесі бар ма?

– Қала көшелеріне жол белгілерін, бағдар­шамдарды орнату және күтіп-ұстау және жарық шамдарын күтіп-ұстау жұмыстарына жыл сайын қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекемемен келісім шарт жаса­лып, жыл барысында тиісті жұмыстар атқарылады. Атап айтсақ, қазіргі таңда қаладағы 52 бағдаршамды, жарық бағаналарын, жол белгілерін жуу, сырлау, түзету жұмыстары тұрақты қолға алынған.

– Сіз басқарып отырған бөлімге көбіне тұрғындардан арыз көп түсе ме, алғыс көп түсе ме?

– Коммуналдық сала қаламыздың тыныс-тіршілігіне тікелей байланысты болғандықтан қала тұрғындары тарапынан арыз-шағым, ұсыныстар көп түседі. Арыз-шағымдардың барлығын қанағаттандыру мүмкін емес. Дегенмен бюджеттен қаржы бөлінуіне орай, бірінші кезекте қажет ететін жобалар кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы алғыстарын білдіріп жататын  тұрғындар да кездеседі.

– Сұхбатыңызға рахмет!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: