Дүйсенбі, 04 қараша, 11:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Отбасы банктен депозит сату қызметі алынды

12.08.2023

449 0

21 тамыздан бастап Отбасы банкте депозит сату қызметі алынып тасталады. Дегенмен туыстарына депозит беру қызметі еш өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Онлайн-табыстау – депозиттердің онлайн-дүкені. Мұнда клиенттер депозит сату және сатып алу қызметін қолдана алады. Осылайша заем рәсімдеу уақытын қысқартады. 

2022 жылдың алғашқы жартысында 1647 адам депозит сатып алған. Ал 2023 жылы депозит сатып алған соң заем рәсімдеген клиенттер саны 2 есеге, 973 адамға дейін азайған. Дегенмен алғашқы жарты жылдықта Отбасы банк 28 800 несие берген. 

«Бұл банк клиенттерінің жинақтау мәдениетін ұстана отырып, депозит ашып, пәтер алу үшін қаржы жинауды құптайтынын көрсетеді. Осы жылдың басынан бері 273 465 адам жинақ шотын ашты», – деп мәлімдеді банк өкілдері. 

Туысқанына депозит табыстау әрі қарай да жалғаса береді. Мұны банк бөлімшесінде ғана емес, банктің мобильді қосымшасында жүзеге асыруға болады. Рәсім 5-10 минут уақытты алады. 

Аталмыш қызметті ерлі-зайыптылар, ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алған балалар, әжелері мен аталары, немерелері, немере ағасы мен әпкесі, немере інісі мен қарындасы, жиендері пайдалана алады.

Ал банктің мобильді қосымшасында ата-аналары, ерлі-зайыптылар, бала асырап алушыларғ туған ағайындылар мен әпкелі-сіңілілер депозит табыстай алады. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: